КӨРІКТІ АУЛАЛАР КӨБЕЙДІ

16:32, 10 шілде 2020

Қарағанды қаласының тұрғындары аулаларын жарыса абаттандыруда

Түрлі ертегі кейіпкерлерімен көмкерілген ауланы көргенсіз бе? Қарағандының Пассажирская көшесіндегі№8 – ші үйі сондай ерекше балалар алаңқайымен ел аузында. Мұнда сонау Кеңес заманындағы ойыншықтардан бастап, бүгінгі балдырғандардың ермегіне айналған түрлі қуыршақтар мен  машиналар бар. Тың идеяның авторы - Аннатолий есімді қария. Сексеннің сеңгіріне жеткен ақсақал өзі төбе көрсетпесе де, журналистерді оның жары Лидия Смирнова қарсы алды. Ақ жаулықты ананың айтуынша, игілікті іске жергілікті тұрғындар да көмектескен көрінеді. .

Лидия СМИРНОВА, тұғын:

- Барлығы балалар үшін. Бұрын бұл жер шашылып, батпақ болып жататын. Жолдасым екеуміз осылайша әдемілеуге бел будық. Содан кейін тұрғындар біртіндеп өз үйлерінен ойыншықтар әкеле бастады. Өзім осы үйде қырық жылдан астам уақыт бойы тұрамын.

Ал, бұл қаланың Оңтүстік Шығыс ауданындағы көрікті аулалардың тағы бірі. Осндағы  «Степной -2» мөлтек ауданына қарасты № 4 – ші үй маңына барсаңыз, орыстың ұлттық ертегілеріне тап болғандай күй кешесіз. Диірменнің макеті мен ағаштан жасалған құдық,  тынығуға арналған орындар – барлығын дерлік жергілікті тұрғындар өз қолымен жасаған. Айнала отырғызған алқызыл гүлдер де мекен жайдың көркін еселей түскен. 

Берік ЖАҚСЫЛЫҚБЕК, тұрғын:

-Бізде КСК деген жоқ, бәрі осы жерде тұратын адамдар өздері ауланы таза әдемі ұстауға тырысады. Өтіп бара жатқан адамдар келіп суретке түседі. Әркім өзінің тұратын жерін әдемілеп тұрғаны дұрыс деп ойлаймын.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ, тілші:

-Бұл тұрғындар өз күшімен көрікті еткен ауланың екінші жағы. Көріп тұрғандарыңыздай, балалар алаңқайы Кеңес заманынан қалыпқа келмеген. Ал, мына жағында үйемі қоқыс тұрғындардың қажырлы еңбегін сарп еткендей. Көшенің сыйқын қашырып тұр. Жергілікті халық тиісті органдарға жүгінгенім, нәтиже жоқ көрінеді.

Балалардың ойын алаңынан екі аттам жерде «Теплотранзит» компаниясының қызметкерлері суқұбырларды жөндеп жатыр. Мердігерлердің мерзімсіз ұйымдастырған бұл әрекеті халықтың әбігерін әбден қашырған.

Дидар МИШЕКОВ, тұрғын:

- Осыдан екі апта бұрын қазба жұмыстарды бастаған. Қазір ол жерден көлік өте алмайды. Бұған қоса, кешкілік сол қазылған шұңқырда балаларымыз жүгіріп ойнайды. Абайсызда құлап кете ме деп алаңдаймыз. Қоршаулар жоқ.

Мекеме әкімшілігі келтірілген қолайсыздықтар көп ұзамай аяқталатынын айтты.

Иван ВЫТКИН, «Қарағанды Теплотранзит» ЖШС бас инженері:

- Барлық аумақтарды біз темір торлармен және пластикалық бөгеттермен қоршадық. Аталмыш жұмыстарды бүгін кешке, немесе ертең тәмамдаймыз. Бәрі аяқталған соң шұңқырларды тегістейміз. 

Осылайша, кеншілер шаһарының белсенді тұрғындары аулаларды өз күшімен барынша көрікті етуге тырысуда.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар