КӨПСАЛАЛЫ СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

16:23, 13 маусым 2018

Абай ауданына қарасты Топар кентінде көпсалалы спорт алаңы ашылды. Енді жазғы уақытта балалар жасанды жабынмен жабдықталған жаңа кешенде уақыттарын тиімді өткізе алады. Елбасы өзінің бес әлеуметтік бастамасында жастарды спортқа баулу керек екенін ерекше атап өтті. Осы мақсатта Абай ауданында жүзеге асып жатқан шаралардың бұл тек бастамасы ғана

Бұл - Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің жанында ашылған жаңа көпсалалы спорт алаңы. Аталмыш білім ордасы спорт кешенін көптен бері күткен. Себебі, мұнда 511оқушы тәлім алады. Енді олар мұнда қыста коньки тепсе, жазда футбол ойнай алады. Айта кетерлігі, спорт алаңы мемлекеттік жекеменшік әріптестіктің жемісі.  Көпсалалы спорт алаңы «Нұр Отан» партиясының және қалалық әкімдіктің бірлескен жобасы.

Сәбина ТӘЖІКОВА, оқушы:

- Біз жаңа ашылған спорт алаңғайына өте қуаныштымыз. Мектептің жанында жақын. Енді достарымызбен бірге келіп ойнайтын боламыз.

«Нұр Отан» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте ашылған «Кемпірқосақ» клубының жұмысымен жіті танысты. Білім ошағында оқушылардан бөлек, ұстаздар да ағылшын тілін үйреніп, үштілділікті меңгеру үстінде. Мәселен, аталмыш лагерьде жазда қазақ және ағылшын тілдерін үйрететін тіл курстары жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, мектеп оқушылары өздерінің робототехника бойынша жасаған жұмыстарын конақтарға көрсетті.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, Қарағанды облыстық «Жас отан» жастар қанатының төрағасы:

- Бұл жасалып жатқан игі шаралардың барлығы жастар үшін. Осы мақсатта «Нұр Отан» партиясы барлық шараларды жүзеге асырып жатыр десек те артық айтқандық емес.

Бұдан бөлек, Абай аудандық филиалының кезектен тыс ХХV конференциясы өтті. Отырыс барысында аталмыш аудандағы «Нұр Отан» партиясының төрағасы болып  Бауыржан Асанов сайланды.

Қадиша ОСПАНОВА, «Нұр Отан» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

- Елбасының 5 әлеуметтік тапсырмасын орындау бойынша «Нұр Отан» партиясы 22 жобаны жүзеге асырып жатыр. Бүгінгі шара соның айқын дәлелі. Сондай-ақ, біз Абай ауданында өткен конференция барысында жұмыспен қамту орталығына да ат басын тіреп, жұмыстарымен таныстық.

Сондай-ақ, мектептің жаныдағы жазғы лагерь өз жұмысын бастады. Мұнда теннис, шахмат, бокс, хоккей секциялары жұмыс істейді.

Айдана ДАСТАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАР ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУДА
16:33, 16 тамыз 2018
ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАР ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар