КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

13:32, 10 қыркүйек 2019

Тағы бір толықтыру. Әскери қызметкер - Оралхан Көкешев бүгінде сегіз баланың әкесі. Кенжесі биыл дүниеге келді. 6505 әскери бөлімінің ұжымы көп балалы отбасы үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырды

Оралхан Көкешев әскер қатарында бірінші жыл жұмыс жасап жатқан жоқ. Осыдан он үш жыл бұрын сүйікті жарымен отау құрған. Бүгінде жанұяда сегіз  бала дүниеге келген. Бала тәрбиесін бірінші кезекке қойған отағасы әскери жұмысын қатар алып келеді. Дегенмен, қиынға соғатын тұстары бар екенін көпбалалы әке жасырмады. Алайда, мемлекеттің қолдауымен көріп, туысымның көмегі үзілмейді - дейді ол

Оралхан КӨКЕШЕВ, РгК «Орталық» 6505 әскери бөлімінің бақылаушысы:

- Әскери қызметте де үй қызметінде де шашамыз жеткенше үлгереміз. Үйде жұбайым бар. Үлкен қызым бар. Солардан да көмек бар. Өзімнің әке-шешем бар. Ол кісілерде көмектерін аямайды. Сөйтіп үлгереміз барлығына.

Оралғанның үлкен отбасына арнап әріптестері ауқымды концерттік бағдарлама ұйымдастырыпты.  Бұл шараға ұлттық гвардияның 12 әскери бөлімі қатысты. Сонымен қатар көрермендердің арасында«Nur Otan» париясы мен Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдері болды.  .

Қанат БЕЛЯКОВ, РгК «Орталық» командирінің орынбасары:

-Осы практикалық дайындық аясында офицерлер өздерінің кәсіптік дәрежелерін көрсетуге емтихандарын тапсырды. Және дене шынықтырды. Енді өздерінің кәсібилік деңгейлері жоғары.

Айта кетерлік жайт, аталған  шара елбасының халыққа арналған жолдауы аясында  өтті. Осы ретте Ұлттық ұланның жеке құрамымен идеологиялық жұмысты күшейту мақсатында Бас қолбасшының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Сатов арнайы әскери қызметшілермен кездесті.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
17:14, 20 қыркүйек 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар