КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖӘРДЕМ

17:48, 5 наурыз 2019

Балалар жәрдемақысы көлемін көтеру. Көпбалалы отбасылардың жағдайын жақсарту. Бұл мәселелерге ел Президенті «Nur Otan» партиясының XVIII сьезінде ерекше көңіл бөлді. Біздің облысымыз Елбасының тапсырмасын орындауға қаншалықты дайын?

Қарағанды облысында 13 мыңға жуық көпбалалы ана бар. Атаулы әлеуметтік көмек екі 2100 отбасына көрсетіледі. Биылғы жылдан оның ережесі өзгерді.

Әсем ЖҮНІСПЕКОВА, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекшісі:

-2019 жылдың 1 шілдесінен бастап атаулы әлеуметтік көмек көрстеу критерийі көтеріледі. Ол тағайындалған кезде отбасының жиынтық табысынан көпбалалы отбасылар, «Алтын алқа» белгі аналарға жәрдемақылар, стипендиядан алынып тасталады.

Осы жылдан бастап көпбалалы отбасылардың бастауыш сыныпта оқитын балалары  тегін ыстық тамақпен қамтамассыз етіледі.  Сонымен қатар балабақша ақысы бойынша 50 пайыздық жеңілдік беріледі. Музыкалық және көркем мектептердегі сабақтар мен спорттық секциялар тегін болады. Жаз мезгілінде  балаларды  лагерьлерге  ұйымдастыруға да көмек көрсетіледі.

Есенғазы ИМАНҒАЛИЕВ, білім басқармасының жетекшісі:

-Осы шаралардың барлығы Елбасы бастап берген бағдарламалар. Тегін мамандық алу, облыс бойынша 5,5 млрд. теңге бөлінгіп отыр. 8 мың баланы қамтитын грант колледждерге бөлініп отыр.

1 маусымнан бастап көпбалалы аналар автобустарда тегін жүру құқына ие. Баспана алуға да қолайлы жағдай жасалады.

Тайхан ҚАЛМАХАНОВ, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:

- Облыстық бюджеттен 1 млрд. теңге 2% -ға төмендетілген ставкамен және 10% -дық бастапқы жарнамен қамтамасыз етіледі, онда кезекте тұрған  көпбалалы отбасылар осы мемлекеттік қолдауды  пайдалана алады.

Көпбалалы отбасылардың игілігі үшін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы да жұмыс жасауда. Биыл жалға берілетін үйлердің  құрылысына қаражат артығымен бөлініп отыр. Жалпы, көпқабатты тұрғын үйлерде 4 мың пәтер жалға берілмек.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар