КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ ҚУАНЫШЫ

15:21, 6 қараша 2019

Жаңаарқа ауданында 15 көп балалы отбасына үй кілттері табысталды

Көп балалы аналарға қамқорлық танытқан аудан әкімшілігінің ғимаратына жиналған аналармен аудан әкімі бас қосты. Дәл осы қуанышты сәтті жылдар бойы күткен он бес отбасы бүгін өз пәтерлеріне қол жеткізді. Олар бар қуанышын жасыра алмады.

Тоғыз жылдан бері үй кезегінде тұрып, арманына жеткен жеті баланың анасы – Динара. Қоныс тойын тойлаған көпбалалы ананың қуанышында шек жоқ. Жолдасы өндіріс орнында қызмет жасайды. Тұңғышы биыл тоғызыншы сыныпта оқиды. Ал, кенжесі кеше ғана бір жасқа толған екен.

Динара ТИШМАҒАМБЕТОВА, көп балалы ана:

-Жеті балам бар. Екі ұл, бес қыз. Солардың несібесі деп ойлаймын. Қуаныштымын. Көптен көп рахмет әкімшілік ұжымына.

Пәтер иегері атанған көп балалы ананы құттықтап келген туыстары да алғыстарын білдірді.

Алғашқы отауларына қол жеткізген отбасының тұңғышы – Жандостың да болашақта жоспарлап қойған арманым бар дейді.

Жандос БАЗАРБАЙ, үйдің тұңғышы:

-Менің арманым осы үй болған. Үйді алып берді, енді әрі қарай малды көбейтіп, мал асырасам деп армандаймын.

Жаңаарқа ауданында  2020 жылы тағы 5 көпбалалы отбасына үй беру жоспарда тұр. Ал, әзірге кезекте тұрғандардың саны 80-ге жеткен.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар