ҚОНЫС ТОЙЫ ТОЙЛАНДЫ

17:37, 5 наурыз 2020

Бүгін облыс орталығындағы бірқатар мұғалімдер мен дәрігерлер баспаналы болды. Майқұдықтағы 9 қабатты үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында соларға арналып салынған. Бұл 8-ші наурыз бен ұлыстың ұлы күні қарсаңында нағыз тосын сый болды -дейді олар

Риза Орынбекованың жанұясы үшін бүгін ерекше күн. Жас отбасы су жаңа екі бөлмелі баспанаға қол жеткізді. Енді айына 60 мың теңгеден салып отырса, 20 жылда баспана басыбайлы өздеріне тиесілі болады.

Риза ОРЫНБЕКОВА, мұғалім:

- Халықаралық аналар күні қарсаңында баспаналы болып жатырмыз. Өте қуаныштымыз.

Жалпы алғанда шамамен 20-ға жуық педагог баспана кілтін иемденіп отыр. Ал, жыл соңына дейін облыс бойынша 200 маман өз үйіне кіретін болады - дейді жауаптылар.

Ержан ІРГЕБАЕВ, ҚР Білім және ғылым министрлігі департаменті басшысының орынбасары:

 -  Біздің бабамыз отан отбасынан, отбасы ошақасынан басталады дейді. Баспаналары құтты болсын.

Баспананы мерзімінен ерте алуға да болады. Ол үшін ай сайынғы төлемді мүмкіндігінше көп салып отыру керек- дейді мамандар.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар