ҚОНЫС ТОЙЫ ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛТТІ

13:54, 15 наурыз 2019

Наурыз мейрамы қарсаңында Жезқазған мен Весовая кенттеріндегі 62 отбасына Сәтбаев қаласынан жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды.Ал бұған дейін тұрғындар тозығы жеткен ескі баспанада тұрған еді. Негізі олардың басым көпшілігі апаттық жағдайдағы пәтерлер

Жезқазған мен Весовая кентінің бұрынғы тұрғындары үшін  бүгін нағыз мереке. Себебі халыққа жаңа тұрғын үйдің кілттері табысталды.Енді олар  Сәтбаев қаласындағы жаңа жатақханада тұратын болады.Өйткені мұндағы жұрттың үйлеріінің көбісі ескірген, әрі  апатттық жағдайда. Ал Жезқазған және Сәтбаев қаласымен Ұлытау ауданын дамытудың кешенді жоспары аясында бүтін бір  ықшам аудан салынды.

Асқар ЫДЫРЫСОВ, Сәтбаев қаласының әкімі:

-Сіздерді келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтаймын.Мереке қарсаңында баспанаға қол жеткіздеріңізге қуаныштымын. Қаламыздағы ең өзекті мәселе шешімін тапты.  

Қалыптасқан дәстүрге сай жатақхананың кермесі де қиылды. Ғимараттың әр секциясында бір бөлме. Су жаңа  кір жуғыш машинасы мен электр плитасы да  тұрғындардың қажетіне жаратылады. Заманауи нысанда  кітап оқитын орында қарастырылған. Келешекте  бұл жерден спорт залы ашылады.Үйде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық жағдай жасалынған.

Батырлан ҚАРАҚҰЛОВ, «AstanaUnityGroup» ЖШС бас директоры:

-Қос нысан бой көтерді.Құрылысшылар екі ауысыммен еңбек етті.Құрылыс жұмыстарын сапалы жүргіздік.

Жалпы жатақхананың алғашқы қадасы 2018 жылы қағылып, құрылысы   қарқын алған. Мақсатты жұмыстарға  900 миллионнан астам теңге жұмсалыпты.

Есім ТАСМАҒАНБЕТОВ:

-Барлықтарына халық атынан рахмет айтамыз.Жаңа жатақхана таза, әдемі. Сонымен қоса өте ыңғайлы.

Жайлы бөлмелерге қоныстанған халық өздерін бақытты санайды. Жасалған жақсылықты  берекенің бастауына балайды.Қысқасы көшіп келген тұрғындар қаланың қолайлы  өміріне бейімделетін болады.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар