Көңілді тапқырлар клубы

22:18, 6 желтоқсан 2017

«Жас Астанаға тарту» Қарағанды жастарының көңілді тапқырлар клубының кезекті ойыны осылай аталады..Бұл шара Елордамыздың 20 жылдығына арналыпты

Көңілді  тапқырлар клубының кезекті ойыны, Елорданың 20 жылдық мерейтойына арналды. 2018 жылдың шілдесіне дейін әлі талай осындай шаралар өтеді деп күтілуде. Көңілді тапқырлар клубының мүшелері әртүрлі тақырыптарды әзілге қосты. Қоғам, жастар үрдісі, саясат тағы басқа мәселелерді де қамтып өтті. Қатысушылар пікірінше, басты міндет - жалпы пікірталас туғыза отырып, әзілді шындықтан ажырата білу. Сонда ғана ойын қызығушылық тудырады, - дейді олар. Көңілді тапқырлар клубына төрт команда қатысты. Олар,  «Үлкен жарылыс теориясы», «Жайдарман» ұлттық лигасы және Қарағанды ​​мемлекеттік индустриалды университетінің командасы. Сондай-ақ астананың бұрынғы атын тікелей еске салатын ұжым, «Целиноград» деп аталады.

Ақжол САЙРАНҚАНОВ «Целиноград»  командасының ойыншысы

Біз команданың аты жайлы көптен бері ойладық: Астана Астананың көптеген нұсқалары бар, Астана.kz және Астана командасы. Сондықтан біз аздап айырмашылығы бар деп шештік .Целиноград - жақсы, сюжеттік, тарихи, аты бар.Солай атадық.  

Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша Астаналық қонақтар жарыс тұғырына көтеріліп, кубокты женіп  алды.

Сейітқали ӘШІМ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛҒЫС БІЛДІРДІ
18:17, 11 шілде 2018
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛҒЫС БІЛД...
Толығырақ...