КӨНЕ ТАРИХ – ҚЫР ТӨСІНДЕ

19:18, 13 қыркүйек 2017

Шет ауданы Үңірек ауылының оңтүстік-шығыс жағына қарай төрт шақырым жерде орналасқан қарапайым обаның құпиясы бұған дейін жалпақ жұртқа жұмбақ болып келген еді. Осы жерден археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан Ә.Марғұлан атындағы археология инситутының мамандары таяуда күтпеген олжаға кенелді

Қыр төсінде  белгісіздеу көрінетін мұндай обалар Орталық Қазақстанда көп кездесетін көне тарихи ескерткіштер қатарына жатады. Археологтардың тілімен бейнелесек көне ғибадатханалар сәулелі немесе мұртты қорғандар деген атауға ие. Олардың негізгі ерекшелігі қорғандарының орталық нүктеден күншығысқа қарай созыла салынуында.Тарихтан білетініміздей мұртты обалар көне сақ дәуіріне жатады. Ал ғалымның пайымдауынша бұл қорған сақ және көне түркі кезеңін тұтастай  байланыстырып тұр. Өйткені,  осы жерден табылған жебенің ұштары сипатына қарай түркі заманына сай келеді екен. Қорғаннан табылған мына қазанның да  өз құпиясы бар.Ғибадатхана маңайында қандайда бір діни рәсім кезінде пайдаланып, осы жерге қайыра көміп кетіп отырған сыңайлы. Ыдыс – ырыстың белгісі.Демек, қырық құрақ қара қазанның қасиетін бабаларымыз ертеден ақ  жоғары ұстаған ғой.

Әшімхан ЖӘМПЕЙІСОВ

Тақырып бойынша материалдар

Облыс орталығында сары ауру белең алды
17:40, 17 қаңтар 2018
Облыс орталығында сары ауру белең алды
Толығырақ...
Саран  қаласында жаңа тұрғын үйлер бой көтеріп,шағын аудандар қайта қалыпқа келтіріліп, химия өнеркәсібін дамыту қолға алынады
16:14, 17 қаңтар 2018
Саран қаласында жаңа тұрғын үйлер бой көтеріп,шағын ауданда...
Толығырақ...
Израилдік бірегей технологиялар Қарағанды облысына енгізілмек
16:09, 17 қаңтар 2018
Израилдік бірегей технологиялар Қарағанды облысына енгізілме...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жас ғалымдар Қарағанды қаласының білім саласындағы соңғы жетістіктерін халық қалаулыларына көрсетті
12:45, 11 қаңтар 2018
Жас ғалымдар Қарағанды қаласының білім саласындағы соңғы жет...
Толығырақ...
Өңірімізде қылмыстық құқық бұзушылықтар біршама азайған
12:46, 11 қаңтар 2018
Өңірімізде қылмыстық құқық бұзушылықтар біршама азайған
Толығырақ...