КОММУНАЛДЫҚ БАЗАР –КӨПШІЛІК КӘДЕСІНЕ

13:33, 18 қыркүйек 2019

Ақтоғай ауданында «Айтуған» атты коммуналдық базар қолданысқа берілді.Енді, жергілікті жұрт сапалы ауылшаруашылық өнімдері мен тұрмысқа қажетті заттар үшін, облыс орталығына әуре болмайды. Шаруалардың табиғи,таза тауарларыносы жерден сатып алады.Көп салалы нысанды тұрғызуға кәсіпкер Ерлан Нұртазин қомақты инвестиция салған

Коммуналдық базардың ашылатын сәтін әсіресе ақтоғайлықтар көптен күтті.Себебі стандартқа сай нысан –әлеуметтің сұранысы екені анық.Көптің кәдесіне жарайтын көп салалы сауда орынының сәні келіскен салтанатына, халық пен билік өкілдері жиналды.

Салтанат ӘБЕУОВА, Ақтоғай ауданының әкімі:

-Коммуналдық базардың бізге берері мол. Аптасына бір рет  өтетін жәрмеңкелер осы орында ұйымдастырылады. Бұл біздің шаруа қожалықтардың өздерінің өнімдерін ешқандай кедергісіз  сатуына толық қол жеткізеді деген сөз. Халық үшін үлкен тиімді.  Жұртқа қазіргі сұранысқа  ие болып отырған үлкен нысан.

Ерлан Нұртазин: «Білегі болдырмағанға -бақытта басын иеді»- деп білетін азамат.Елжанды кәсіпкер өскен өлкесінен 1 гектар жер алып,жарқын жобасының қанатын кеңге жаюға бірден бекінеді.Жаны жомарт бизнесмен нәбәрі үш айдыңарасында жеке қаражатына коммуналдық базар салды.Құрылыс жұмыстарына меценат 80 миллион теңгесін жұмсаған.

Ерлан НҰРТАЗИН, «Айтуған» коммуналдық базарының  директоры:

-Ауылымызға келіп, перзенттік туымызды тігіп  өскен өлкемізді көтеріп жатырмыз.  Өз күшіммен жасалып жатқан шаруа.  Жоспар көп.  Келешекте  қиыршық тас шығаратын қондырғы қоямыз. 

Осы күні базардың жұмысымен аудан басшысы жан-жақты танысты. Әкім - өнімінің сапасына  баса мән беру керектігін нығарлап тапсырды. Ал Бағдат Төлеубекова коммуналдық базарға   бұқарамен бірге сауда жасауға қуана  келгенін айтады.Нәзікжан азық-түлікті  қолжетімді бағаға сатып алғанына дән риза.

Бағдат  ТӨЛЕУБЕКОВА, Ақтоғай ауданының тұрғыны:

-Біз бұрын Қарағандыға сауда жасауға баратынбыз. Мына жерде бәрі бар.  Бағасыда арзан.

Ақтоғайдың атымтайы атанған Ерланның кірпіш құю цехында күніне қыш пен күлден  500 кірпіш шығарылады.Бұдан бөлек  бұл жерде  жұртқа  көмірде тиімді бағамен саудаланады.

Азизбек КӨЗИБАЕВ, жұмыскер:

-Айлығымыз жеткілікті.Тамағымыз тегін. Басшымызға ризамыз.

Стандартқа сай сауда орыны  жергілікті шаруларға өте ыңғайлы.Әлеуметтік нысанның сөрелеріндетабиғи таза тауарлар самсап тұр.Жаңа сойылған ет, қымызбен  құрт майды алысқа сабылмай-ақ осы жерден табасыз.Енді мұнда ауылшаруашылық жәрмеңкесі жиі ұйымдастырылады.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ, тілші:

-Бұл күні ақтоғайлықтар тарапынан картопқа сұраныс жоғары болды. Шаруа биыл 3 тонна өнім алған. Көкөністің сапасына сөз жоқ. Яғни ешқандай қоспасыз. Қысқасы қыс мезгіліне ертерек қамдаңғыңыз келсе, мен сияқты ептеп емес, қаппен бірақ алыңыз.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар