КОММУНАЛДЫҚ ЖЕЛІЛЕР ЖАҢАРТЫЛУДА

16:01, 6 тамыз 2019

Ұлытаудағы коммуналды желілерде күрделі жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Орталық Қазақстанның сокралды ескерткіштер ордасына айналған аймақта туризмнің дамуына барлық жағдайлар жасалған

Ағымдағы жылы кәріз жүйесінің қайта қалыпқа келтіру міндеті де аяқталады деп күтілуде. Ұзындығы 29 шақырымды құрайтын желінің жөнделмеген 6 шақырымы ғана қалған. Сондай – ақ, 20 жыл бұрын құрылған суағар да жаңартылатын болады. Қазіргі кезде оның жобалық – сметалық құжаттамалары дайын. Аудан орталығының коммуналды желілерін жөндеуге бюджеттен бір миллиард теңгеден аса қаржы қарастырылған.  

Дана ОРАЗБЕКОВ, Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары:

-Барлығы 2020 жылға дейін аяқталады деп жоспарлануда. Содан кейін бұл жерде туристерді қабылдау үшін барлық жағдайлар жасалды деп толықтай айтуға негіз бар. Ұлытаудың сокралды ескерткіштер аймағына келушілер саны анағұрлым артады деп үміттенемін.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар