КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

15:49, 7 қараша 2019

Қарағанды облысы әкімдігінде аймақ басшысы Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссияның кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде құқық бұзушылықтар мен әртүрлі қылмыстардың алдын алу және олардың жолын кесу мәселелері мен мемлекеттік тәртіпті нығайту және мемлекеттік қызмет туралы заңнама нормаларын сақтау бойынша Әдеп жөніндегі кеңестің қызметін жетілдіру мәселелері қаралды

Қарағанды облысы бойынша 1084 мемлекеттік мекеме өзінің бюджет кірісі мен шығысын ашық жариялауға көшкен.Бұл қоғамдық бақылаудың интерактивті картасын құру жобасы аясында жүзеге асқан.Аймақ мектептері мен балабақшаларда «Адал ұрпақ» және «Адал бөбек» арнайы бағдарламалары да,қолға алынып, сол бойынша арнайы оқытулар жүрген.Сондай-ақ, департаменттің араласуы мен инвесторлар мен кәсіпкерлерді қорғау бойынша арнайы жоба қабылданған.Осы және өзге де, мәселелер туралы Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департамент басшысы Денис Шакенов баяндама жасады

Денис ШАКЕНОВ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  облыстық департамент басшысы:

-Мемлекттік қызметтің қолжетімділігі арта түсті.Осындай жұмыстар Шет,Осакаров,аудандары мен Жезқазған, Саран,Теміртау,Қарағанды қалаларында жүруде. Сондай-ақ инвесторлар мен кәсіпкерлерді  қорғау мақсатында 41 келісімге қол қойылды.

Қоғамдық сананы қалыптастыру  мақсатында  мемлекеттік басқару аппараты мен азаматтық қоғам арасында мониторингтік топ жұмысы дұрыс жолға қойылған.Бұл орайда, Әдеп жөніндегі кеңестер мемлекеттік органдар лауазымды тұлғаларының аталған бағытта атқарып, жатқан жұмыстары да айтылды.Жергілікті атқарушы органдардың есептеріне сәйкес мемлекеттік көрсетілген қызметтердің жалпы санының электронды түрде көрсетілген қызметтердің үлесі ағымдағы жылдың 9 айы бойынша 73 пайызды құраған.Осы уақыт ішінде 40 өтініш қаралып,1078 жеке тұлғаның оның ішінде 962 мемлекеттік қызметшілерге кеңестер берілген.

Айгүл БАЙХАНОВА, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің облыстық департамент басшысы: 

-Әдеп жөніндегі кеңестің қызметі құқық бұзушылықтардың алдын, алуға бағытталған.Осыған байланысты ағымдағы жылы қаралған 45 сұрақтың 85 пайызы профилактикалық бағыттағы сұрақтар, қалған 15-і тәртіптік істер.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының отырысына төрағалық еткен облыс әкімі Жеңіс Қасымбек аудан және қала әкімдеріне тіпті өз орынбасарларына нақты тапсырмалар, жүктеді 

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Әкімдіктің және басқа да, мемлекеттік құрылымдардың басты жұмысы құқық бұзушылыққа жол бермеуге бағытталуы тиіс.Баршамыз болып,онымен түбегейлі күрес жүргізуіміз қажет.Алдын алу шараларын да қарастыру керек.

Қарағанды,Балқаш және басқа да қанаттас қалаларда  сыбайлас жемқорлық фактілерінің орын алып отырғаны да, айтылды.Оны жою үшін қолға алынып, жатқан шаралар жайы қамтылды.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар