КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ ӨЗГЕРДІ

17:53, 10 қаңтар 2019

Сондай-ақ, бүгін Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті 34-ші сессиясы өтті. Онда, депутаттар алдағы 5 жылға аумақтық және учаскелік сайлау комиссиясының жаңа құрамын бекітті.Сайлау заңына сәйкес, бұған дейінгі құрам, жаңа мүшелер тағайындалысымен өз өкілеттіктерін тоқтатады.

Сайлау комиссиясының мүшелері болып 1 жарым мыңға жуық адам сайланды.Олардың кандидатураларын Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары кезекті 34-ші сессияда бекітті. Бұл жөнінде уақытша құрылған комиссия төрағасы депутат Генадий Ивченко баяндама жасады. Оның айтуынша, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың  ұсынған үміткерлері Қазақсандағы сайлау туралы заңға сәйкес келеді екен.

 Геннадий ИВЧЕНК, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты:

-Қарағанды қалалық мәслихатының қаулысына  сәйкес,  және сайт пен «Взгляд на событие»газетіндегі жариялангымға байланысты келіп түскен ұсыныстар мен саяси партиялар мен қоғамдық және құрылымдық ұйымдардың ұсынған кандидатуралары сандық жағынан мақұлданып отыр.  

Сөйтіп, қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі болып, 7 адам тағайындалды.Ал, учаскелік комиссия құрамы 1462 адаманан тұрады. Осының нәтижесінде 174 комиссия жасақталатын болады

Құдайберген БЕКСҰЛТАНОВ, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы:

-Сайлау комиссиясының құрамы, орталық комисияны қоспағанда әр деңгейдегі мәслихаттың шешімі мен бектітіледі.Бұл өте өзекті мәселе. Алдағы 5 жылға біз жаңа құрамды бекіттік.Бұл сайлау заңындағы өзгерістерге байланысты реттелді.

Жаңа комиссия құрамының өкілеттік мерзімі 5 жыл деп, бекітілді.Бір айта кетерлігі, олар өз міндеттеріне заңда көрсетілгендей   мәслихат шешіміне сәйкес кірісетін болады

 Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар