КӨМІРДІ САТУ НАУҚАНЫ

17:13, 11 қыркүйек 2019

Қарағандыда көмірді сатып алу науқаны басталды. Биыл өңірдің барлық шахталарында 37 миллион тонна көмір өндіру жоспарланып отыр.Ал біздің аймағымыздың қажеттілігі үшін бір миллион тоннадан астам көмір керек. Облыс басшылығы бұл мәселені басты бақылауда ұстауда

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Алмаз Айдаров ХМК ықшам ауданындағы темір жол тұйығына арнайы барды. Мұнда ол көмір сатып алуға болатын  сервистер туралы егжей-тегжейлі  ескертті. Мобильдік қосымша бойынша тек Шұбаркөл көміріне тапсырыс бере аласыз.Оның бір тоннасының  құны он мың теңге тұрады. Ал көмірді тиеу орынға тікелей байланысты.

Алмаз АЙДАРОВ, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

-  Биылғы жылы онлайн жеткізу арқылы көмір сатып алуға сәйкес  пилоттық жоба іске қосылды. Халықтың осы сервисті белсенді қолданғанына назар аударудамыз. Бұл сайт 7543.kz және осындай call-center 7543.Бұл қазір Қарағанды қаласы бойынша қолжетімді.

Облыс әкімінің орынбасары  Пришахтинскідегі теміржол тұйығын аралап көрді. Өңірде тұтынушылар  кезегін күттіртпеу мақсатында  37 жерде көмір сату орындары мен қойма қарастырылған.

Владимир КРЫЛОВ, көмір тұйығының директоры:

-Көмірді жеткізу кезең-кезеңімен жүргізіледі. Яғни күнбе-күн. Осында бес вагон келеді. Бұдан бөлек шағын қор бар.

Естереңізге салайық, өңірде көмірді  жеткізу бойынша интерактивті карта жұмыс істейді. Онда көмірдің барлық  нүктелері, құны және байланыс деректері көрсетілген.Сондықтан билік аймақ тұрғындарын қысқы отын қорымен алдын-ала қамдануға шақырады. Көмірдің кезегі мен  алыпсатарлардың әрекеті қатаң қадағалауға алынған.

Жанбота РАХМЕТУЛЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
17:14, 20 қыркүйек 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар