КӨМІРДЕН ЖАСАЛҒАН ӘШЕКЕЙ

14:04, 11 сәуір 2019

Қарағандылық дизайнер Ольга Целлердің қара алтыннан жасаған бұйымдары қалалық байқауда үздік деп танылған. Енді ол көздің жауын алатын көмірден жасалған әшекей-бұйымдарды Рессейліктердің назарына ұсынып, Мәскеуде өтетін халықаралық байқауда бағын сынамақ

Ольга мамандығы бойынша экономист. Бала күтіміне байланысты демалыс уақытында әшекей-бұйымдарды жасауды бастапты. Бүгінде ол дизайнерліктің қыр-сырын жетік меңгерген.  Наурыз айында Қарағандыда өткен дизайнерлер арасында байқауда үздік атанған. Енді Ольга тамыз айында Мәскеуде өтетін халықаралық байқауға қатысуды жоспарлап отыр.

Ольга ЦЕЛЛЕР, дизайнер:

-Байқауға дайындықты бастап кеттім. Онда дизайнерлік бұйымдарым  ұлттық нақышта қойылады. Осы уақытқа дейін ұлттық үлгідегі әшекейлерді жасап көрмеппін. Енді кірісемін.  Жылдың екінші жартысында Алтайға бару да жоспарда бар. Эскиздерді  дайындап қойдым.

Ольга көмірден әшекей бұйымдар жасау идеясы -ЭКСПО көрмесіне көйлек үлгісін жасау барысында туындағанын айтады. Көмірді ол жер үйде тұратын ата-анасынан алып тұрады екен.

Райхан САЙРАНБЕК, тілші:

-Бүгінде Ольганың топтамасында  осындай көмірден жасалған бұйымдардың оннан астам түрлері бар. Оның үшеуі бүгін сатылып кеткен. Көмір тасы  тез жарылатыны белгілі. Сондықтан одан әшкей-бұйым жасау да қиын екені сөзсіз. Алайда, дизайнер көмір жарылмас үшін арнайы технология қолданатынын айтады. Дегенмен Ольга бұл тәсілді Ольга құпия сақтайды. 

Қара алтыннан жасалған бұйымдар қарағандылықтардың  аса қызығушылығын туғыза қоймапты. Алайда  шетелдіктер кеншілер шаһарының басты символына айналған көмірден жасалған бұйымдарды  бағалайды екен. Сондықтан  дизайнердің жұмыстарын көбінесе кәде сый  ретінде апаратын көрінеді.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар