«КӨМЕКЕЙ ӘУЛИЕ»

15:44, 11 қазан 2018

Қазақтың ұлы ханы –Абылайдың оң қолы болған мемлекет қайраткері,18 ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Бұқар жырау Қалқаманұлының туғанына 350 жыл толуына орай Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры актер-драматург Кеңес Жұмабековтің «Көмекей әулие» драмасын сахналады.Бұл тарихи драма Қарағанды жерінде алғаш рет көрерменге көрсетілді

«Көмекей әулие» жаугершілік заманда ерлігі мен аты шыққан батыр және дана  болған. Оның шығармашылығы арқа жерімен тығыз байланысты.Тарихи драмада осы тұстар әдемі әспеттелген.  Қойылымда жыраудың данагөйлігі, Абылай ханның көрегендігі дерек –дәлелдермен келтірілген. Жер дауы мәселелерін шешіп, бітімгерлікке бастаған әрекеттері шебер сомалды. Сазды сахнада театр әртістері «Елімай» әнін шырқау  арқылы жыраудың өмір жолын көрерменге жеткізе білді.

Театр өңерінде өзіндік қолтаңбасы бар актерлердің бірі және бірегейі Айбек Қырықбаев басты рөл - Бұқар жырау бейнесін сомдады.

Айбек ҚЫРЫҚБАЕВ, С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының актері:

-Бұқар жыраудың бейнесін сомдау арқылы көп нәрсе үйрендім.Бұл біздің бабаның -350 жылдық мерейтойына тартқан тартуымыз болды.,Оны бейнелеу маған зор жауапкершілік жүктеді.

Бұқар жыраудың кеңесшісі болған Абылай хан ролін сахнада бейнелеу жас актер Ақай Жұмамұратқа бұйырыпты. Бұл маған үлкен жауапкершілік жүктеп, аманат жүгін арқалатты дейді,ол

Ақай ЖҰМАМҰРАТ, актер:

-Қазақтың ұлы ханы Абылай ханды сомдау маған бұйырды.Қазақтың ұлы ханы үш жүздің басын қосып, ел бірлігін сақтауға ат салысты.Бұл тарихи драмада әртістер барын салды.

Қарағанды жерінде алғаш рет сахналанған «Көмекей әулие» тарихи драмасы көременнің көңілінен шықты. Зал келушілерге лық толды. Тарихи туындыны жарыққа шығаруға ат салысқан 30 дан астам театр әртістері өз шеберліктерін көрсетті.

Райхан ТӨЛЕШОВА,  көрермен:

-Өте тамаша қойылым болды деп есептеймін.Ұлы бабаны барлық жағынан көрсете білді.Алған әсеріміз ерекше.№77 мектеп ұжымы болып келіп, тамашаладық.

«Көмекей әулие» атты тарихи драма аймағымыздың барлық өңірлерінде сахналанбақ.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар