КОМБИНАТТАҒЫ ОҢ ШЕШІМДЕР

17:09, 27 қараша 2020

Тәуелсіздік мерекесі және «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының 25 жылдық мерейтойы аясында металургтер мен кеншілер сыйақы алатын болады

Теміртау қаласындағы металлургиялық комбинатының 30 мыңға жуық жұмыскеріне 150 мың теңге көлемінде бірреттік сыйақы берілмекші. Бұған қоса тарифтік мөлшерлемелер мен еңбекақыны индекстеу 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүргізілмек.

Биджу НАИР,   «Арселор Миттал Теміртау»  АҚ бас директоры:

- Қандай қиын жағдай болмасын біз еңбекккерлерге барынша қолдау көрсетуіміз керек. Кез-келген адамнан нәтижелі жұмыс күту үшін, әуелі оны ынталандыру қажет. Сондықтан осындай шешімге келдік. Тек қондырғылар алуға ғана емес, онда істейтін адамдарға да инвестиция құйып тұрған абзал деп санаймыз.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар