ҚОЛТЫРАУЫН АСЫРАП ОТЫР

13:23, 22 тамыз 2019

Қарағанды қаласында сиқыршының үйінде тірі қолтырауын тұрады. Жыртқыш жануар болып есептелгенімен қарағандылық оның бабын тауып, асырауда. Цирк майталманы осылайша көрермендеріне көтеріңкі көңіл күй сыйламақ

Қазір бейне камера алдында қолтырауын өзін сабырлы ұстауда. Ал сиқыршымен жеке қалғанда тыпыршып, тіпті кейде ашу шақырады екен. Оған  тек бірнеше ай, ал ұзындығы 50 сантиметрге жеткен. Сергей Корогодовтың айтуынша, мұндай төлдердің тұқымы бір жарым метрге дейін өсуі мүмкін.

Сергей КОРОГОДОВ, сиқыршы:

- Бұл кайман тұқымды  қолтырауын.  Ол аллигатор сияқты өлшемге келмей ұзара береді.  Бұл үйде ұстауға болатын қолтырауынның өте кең таралған түрі.  Сондықтан мен осындай тұқым сатып алдым.

Сиқыршы қарағандылық көрермендерді таң қалдыру үшін  Мәскеуден  қолтырауынды арнайы  сатып алды. Оған үйде неон жарық пен бассейн орнатып, қажетті жағдайын жасап қойған.  Сергей Корогодов көп жылдар бойы циркте жұмыс істегендіктен мұндай жануарларды  қалай  баптау керектігін  жақсы біледі.

Сергей КОРОГОДОВ,  сиқыршы:

- Жануар кез-келген уақытта қауіпті. Оның үстіне, бұл жыртқыш. Сақтық шараларын сақтамаған жағдайда қауіпті. Жануарды мазалап, жөнсіз соқтығудың қажеті жоқ. Содан кейін оны күтіп, ыңғайлы жерде ұсатау  өте маңызды.

Осылайша  қарағандылық үйін хайуанаттар бағына айналдырған. Сиқыршының пәтерінде  бұдан бөлек, көгершін, қоян, егеуқұйрық, теңіз шошқасы, тасбақа  және ірі жылан бар. Болашақта түлкі сатып алуды жоспарлап отыр.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар