КӨЛІК ҚАТЫНАСЫ КӨҢІЛДЕГІДЕЙ ЕМЕС

18:08, 12 қыркүйек 2017

Көгілдір тоған ықшамауданына қарасты емханаға қоғамдық көлік арқылы қатынай алмай жүрген тұрғындардың тілегі, облыс әкімі іске араласқан соң үш ай бұрын орындалған болатын. Сағаттап күтетін маршруттары 30 минуттық кестеге ауысып, халық марқайып қалған еді. Үш айға жуық қалыпты жұмыс атқарған №2 автопарктің 69-ыншы автобусы тағы да бұрынғы әдетіне басып, кестеге сай қатынамай қойған

Бұл маусым айындағы түсірілім. Облыс әкіміне шағымданған тұрғындар, 69 автобусты сағаттап күтетінін жеткізген болатын. Мәселені назарға алған Ерлан Қошанов,  жауапты мамандарға тапсырма жүктеп, қоғамдық көліктің жүру аралығын жиілетті. Бұл қиындықтан құтылған қаланың зейнеткерлері енді такси жалдап, қалтамыз қағылмайтын болдық деп куанғанын арнамыздан көрсеткен болатынбыз. Алайда, жұрт бірнеше күннен бері сол маршрутты 1,5 сағатқа жуық күтуге мәжбүр.

Надежда ГОЛОВКА   қала тұрғыны

Бірнеше күннен бері қаншама уақыт 69-ыншы автобусты тосамыз. Егер көлік қатынасын реттей алмаса айдалаға емхананы неге салған. Қыс келе жатыр. Қазір бір сағаттан астам тосамыз. Күн суығанда қалай тосамыз. Тек бір маршрут қана жұмыс істеуде. Неге біз бұлай сарыла күтуіміз керек.

69 маршруттың уақыт аралығы неліктен созылып кеткенін жүргізушінің өзінен де сұрап көрдік. Айтуынша, таңнан кешке дейін бір өзі ғана халық тасымалы үшін қызмет етуде. 
Ұлықбек ТҰРАБАЕВ  көлік жүргізушісі

Мысалға, бүгін жалғыз маршрут осы.  1 сағат 20 минут аралығында жұмыс жасаудамыз. Ал, екінші маршрут сынып қалды. Былайша, уақыт аралығы 40 минутты қамтиды.
Жергілікті жауапты мамандар болса, жағдайдың уақытша екенін алға тартуда. Қарағанды қалалық жолаушылар тасымалы бөлімінің меңгерушісі Ескендір Қабидолланың сөзінше,  алдағы уақытта бұл бағыт бойынша қосымша екі жаңа көлік қосылып, жүру аралығы да жиілей түспек. Дегенмен, бұл қашан орындалары белгісіз. Сондықтан, сағаттап автобус тосқан жұрт, сынған көліктің қайта қатарға қосылуын күте тұрудан басқа амалдары жоқ.
Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Жезқазған қаласында биылғы оқу жылында 5 мектепте  робототехника сыныбы ашылды
17:45, 20 қыркүйек 2017
Жезқазған қаласында биылғы оқу жылында 5 мектепте робототех...
Толығырақ...