КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАМЕН КҮРЕС

16:41, 29 маусым 2020

Қарағанды облысында жалған шетел валютасын сатуға қатысты қылмыстық іс ашылды. 500 еуро тұратын жалған ақша шетелдерде жасалғаны анықталды. Ойын бизнесі саласындағы қылмыстық топ Жезқазған және Сәтбаев қаласларында жойылды. Бұл жөнінде көлеңкелі экономикамен күресті күшейтуді көздеген аппараттық жиында мәлім болды

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте Экономикалық қылмыстармен күресті күшейту мәселесі онлайн режимде талқыланды. Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл фактілері тізбектелді. Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Данияр Ақжановтың айтуынша, көлеңкелі экономиканы төмендету, бизнесті қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2020 жылға арналған Жол картасы жұмыс істеуде. Оның ішінде  қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтару, заңсыз ойын бизнесі, бюджет қаражатын ұрлау мен абайлаңыз: жалған ақша!  секілді негізгі алты басымдық қамтылған.

Данияр АҚЖАНОВ, Экономикалық тергеу департаментінің басшысы:

-   Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 3 жыл ішінде көлеңкелі экономикамен күресті 40 пайызға қысқарту міндетіі қойылған. Тиісті жұмыстар жол картасы аясында жүзеге асуда.   "Абайлаңыз: жалған ақша!" мамыр айында еліміздің әр өңірінде 500 еуро тұратын жалған купюраларды өткізудің көптеген фактілері бойынша қылмыстық істің 25 эпизоды сотқа жіберілді.

Өткен жылы Қарағанды облысында банктердегі ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру көлемі төмендеді. Жалған шот-фактураларды шығарумен айналысатын алты ұйымдастқан қылмыстық топ қызметінің жолы кесілген. Департаменттің ақпараты бойынша, 2020 жылдың басынан бері Қарағанды облысында экономикалық қылмыстар бойынша 74 қылмыстық іс тіркелді. Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметі бойынша, соңғы үш жылда   1 300-ден астам тіркеуде жоқ кәсіпкер анықталған. Нәтижесінде,  63 мың литр көлемінде алкогольді, 11 мың қорап темекі өнімдерін, 503 554 литр мұнай өнімдерін заңсыз сатудың жолы кесілді.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

- Соңғы үш жылда белгілі бір үрдістер бар. Бірақ көлеңкелі экономиканың үлесі жоғары болып қалуда - шамамен 25%. Шараларды күшейту қажет. Еңбек қатынастары мәселелерін қамтыңыздар. Конверттердегі жалақы әлі де бар екенін мойындау керек. Мәселе өзекті. Жүйелі тәсіл қажет. 

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек көлеңкелі экономикамен күрес бойынша өңірлік жоспар әзірлеуді тапсырды. Нақты міндеттер қойып, жұмысты жүйелі түрде іске асыруға күш салуды жүктеді.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар