КӨЛЕҢКЕЛІ БИЗНЕСПЕН КҮРЕС

13:41, 16 тамыз 2019

Опа бермейтін ойын бизнесі,жалған ақша және қымқырылған қазына.Экономикалық тергеу департаментінің мамандары осындай олқы істерді қараған.Аталған департамент жетекшісі Данияр Ақжанов соңғы 7 айдың қорытындыларымен брифинг барысында журналистермен бөлісті

Жыл басынан бері экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жалған ақша жасау фактісі бойынша 4 қылмыстық іс қозғаған. Әсіресе, 5 және 10 мың теңгелік ірі номиналдар қолдан жиі жасалады екен. Олардың мәлімдеуінше қазақстандық валюта, доллар және тіпті 237 мың сомасында еуро тәркіленген көрінеді. Ал Данияр Ақжанов жалған ақша сапалы жасалмаса да, бұл бүкіл ел бойынша қолдан-қолға өтуге кедергі келтірмейтінін айтады. Сондықтан департамент жетекшісі ірі сомаларды тексеріп алу керектігін ескертеді. Брифинг барысында ол журналистерге көлеңкелі бизнеспен күрес шаралары туралыда ашып айтты. Әйтседе облыста ойын бизнесі бар. Алайда оның американың фильміндегідей жарқын маңдайшалары мен әсерлі музыка және жер жаратын жарнамасы жоқ. Бізде тек  казиноны жасырын ойнайды.Дегенмен департамент мамандары  көлеңкелі бизнесті дер кезінде анықтап, олармен барынша күрес жүргізуде.

Данияр АҚЖАНОВ, экономикалық тергеу департаментінің  жетекшісі:

-Бұл жұмыс бірнеше сағатқа ұлғайтылды.Осы жылы Қарағанды, Теміртау және Жезқазған, Приозерск Топарда  67 заңсыз ойын нүктелері ашылған.Аталған факт бойынша 12 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Заңсыз айналымнан  196 ойын автоматы, 136 жүйелік блок, 112 монитор және 10 плазмалық теледидар мен 15 сенсорлық монитор тәркіленді.

Жыл басынанан бері департаментте  53 қылмыстық құқық бұзушылық іске тергеу жүргізілген.Ал айыппұлдардың жалпы сомасы   жарты миллиард теңгеден астам. Әсіресе бюджет қаражатын қымқырумен айналысқан компаниялар көп төлеуі тиіс,-дейді мамандар.Б аспасөз мәслихатында Данияр Ақжанов өңірдегі кәсіпорындардың біріне 138 миллион теңге көлемінде айыппұл салынғанын мәлімдеді. Сондай-ақ  экономикалық тергеу департаментінің басшысы -халықтың сенімін арттыру бойынша белсенді жұмыс қолға алынғанын тілге тиек етті.

Данияр АҚЖАНОВ, экономикалық тергеу департаментінің жетекшісі:

- Қоғамдық сенім деңгейін ынталандыру мақсатында  департаменттің  ресми аккаунттары  Instagram және  Facebook әлеуметтік  желілерінде тіркелді. Халықты ақпараттандыру  бойынша ілкімді істер ілгеріледі. Онда  бір тәулік ішінде  жауап беретін  қызметкер бекітілген. Жауап Instagram немесе Facebook арқылы беріледі.

Бұдан бөлек Данияр Ақжанов  тілшілерге департаменттің алдағы атқаратын  негізгі міндеттерін бүгіп қалмай, баяндады.Әрине бұл көлеңкелі  экономиканы анықтап, айналымын төмендету екені айна қатесіз.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар