КӨЛДЕР ТАЗАРТЫЛА БАСТАДЫ

16:56, 5 тамыз 2020

Облыс орталығында орналасқан саябақ аумағындағы көлді балдырлардан тазарту жұмыстары басталды. Бұл жұмыстарды сапалы атқару үшін арнайы техника жұмылдырылған

Көлді тазарту әдісі өзгеріссіз қалды. Бұрынғыдай  өсімдік тамырларын  балдырлардан арылтып, топырақты қайта  өңдеуге арналған ауылшаруашылық жұмыстары қайта жүргізілуде. Бастапқыда бұл шаруаларды  жүзу қайығы арқылы атқару қажет болған. Енді су қоймасын тазарту үшін дөңгелекті трактор техникалары қолданылуда.Негізінен, көл проблемаларын шешудің басты міндеттерінің бірі-сұйықтықтың жаңа көздерін ашу мен оны анықтау  болып табылады. Қазір көлдің су қоры азайған. Ол тек қана, көктемгі су тасқыны кезінде ғана көбейеді екен. Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы қызметкерлерінің айтуына қарағанда бюджеттен қаржы бөліп,арнайы конкурс жариялай отырып, бұл мәселені толықтай шешуді қарастырмақ,  Қазір, қаржыға тапсырыс берілген. 

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар