ҚОЛ ЖАЙҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛАДЫ

16:02, 3 қыркүйек 2019

Қарағандыда жергілікті полиция қызметкерлері қалалық қоғамдық кеңес мүшелерімен және депутаттарымен бірге рейдке шықты. Мақсат қайыр тілеп отыратындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Атап өтсек, жыл басынан бері қалада осы санаттағы 100-ден астам адам анықталып, жауапқа тартылған

Қарағандының орталық базарының маңы бұл. Қол жайып қайыр тілейтіндердің тұрақты мекеніне айналған орын дерсіз. Басым көбі егде жастағы адамдар. Аты-жөні белгісіз, құжаты жоқ қол жайғандарды полиция мамандары учаскеге апарып, аты-жөнін анықтайды. Артынша хаттама толтырылады немесе түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Эрик МЕНСИИТОВ, қоғамдық кеңес мүшесі:

-Маусым айында қоғамдық кеңес отырысында қоғамдық қауіпсіздік мәселесі қозғалған болатын. Осыған орай халық тарапынан көп шағымданған қайыршылар мәселесі де қозғалған. Нәтижесінде мәслихатпен бірігіп, бұл мәселені қолға алуды жоспарладық. Полиция рейд жүргізіп тұрады, бірақ, нәтиже байқалмайды. Бүгін осы мәселені бірлесіп қолға алуды жөн көрдік.  

Арнайы рейд барысында қаланың бірқатар аудандарында үй-күйсіз жүргендер анықталды. Көбіне олар жол үстіне шығып алып, көлік жүргізушілеріне кедергі келтіреді. Осылайша өз өмірлеріне де, басқа біреудің өміріне де қауіп тудырғандарын біле бермейді.

Вячеслав МАЗИТОВ, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты:

-Бұл мәселе баяғыдан бар, бүгін бірнеше адамнан осындай жағдайға қалай тап болдыңыз деп сауал жүргіздік. Бірақ, адамдардың тағдыры әр тарап болса, басына түскен жағдайы да соншалық, әр түрлі. Енді біз халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізетін арнайы ескертпе қағаздар басып шығарсақ дейміз. 

Тиын-тебен сұрап халықтың мазасын қашырғандарға полицияға барып шағымданса болады. Бұл қоғамдық орындарда өзгенің берекесін қашыру бабына қайшы келеді. Оған 5 АЕК есебінде айыппұл салынады. Ал, бір жыл ішінде қайталанса, 10 АЕК –ке дейін айып тағылып, 5 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар