ҚОЛ ДОБЫ САЙЫСЫ

16:36, 13 наурыз 2019

Қарағанды қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде қол добынан кезекті сайыс өтті.Ол, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының «Тәрбие және білім» жобасы аясында қолға алынған

Осымен екінші рет өткізіліп отырған ақтық сайысқа бұл жолы ұлдар мен қыздардан құралған 8 команда қатысып отыр. Олар, 16 және 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер. Үміткерлердің арасында қала және аудан мектептерінің ойыншылары да бар.

Асхат АХМЕТОВ, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:

-Салаутты өмір салтын қалыптастыруға байланысты оқушылар арасында қол добынан  сайыс басталды.Ол,Елбасымыздың «Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында қолға алынған.Сондықтан қатысушы командаларға сәттіліктер тілеймін

40 жылдан астам тарихы бар білім ордасында бұл күндері 700 ден астам оқушы спорттың 7 түрі бойынша тәлім алып, тәрбие теруде.Осы жолғы қол добының сайысы да осы мектептің спорт залында ұйымдастырылған.Бүгін ақтық ойындардың ашылу салтанаты  болды

Ұлан ТӨЛЕГЕН, Ә.Бөкейхан атындағы мектеп-лицейдің  оқушысы ( Шахтинскі ):

-Осымен екінші рет қатысып, отырмын.Ойын жақсы басталды.Мен өзім спорттың осы түрін қатты ұнатамын.Барлық қатысушы командаларға нәтижелі ойын көрсетуіне тілектепін

Жалпы білім беретін және мамандандырылған мектеп –интернат оқушылары арасындағы қол добынан  өткізіліп жатқан сайыс тартысты  болмақ.

Спорт жарысы 4 күнге жалғасады. Ал, жеңімпаздарға  бағалы сыйлықтармен арнайы кубоктар табысталмақ. Шараны Қарағанды облысының білім басқармасы мен «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырып отыр.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар