ҚОҚЫСТАН КӘСІП ТАПҚАН

16:10, 9 тамыз 2019

Қарағандыда қоқысты бөлек жинау бойынша шеберлік сыныбы өтті. Қалдықтарды қайта өңдеу күллі адамзат үшін өткір мәселе болып келеді. Экология мен қоршаған ортаға шаш етектен зиян келтіретін қоқыстардан тиімді арылу үшін қарағандылық жастар қандай бастаманы қолға алуда?

Ибрагим Қуандық – Қарағанды қаласындағы пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу цехының негізін қалаушы. Оның жетекшілігімен Қарағанды техникалық және құрылыс колледжінің студенттері үлкен идеяларды жүзеге асыруда.  Осылайша, жастар тарапы қаламыздағы қоқыс полигонындағы мәселелерді шешуге көмектеседі.

Ибрагим ҚУАНДЫҚ, жоба жетекшісі:

- Қоқыс қалдықтарын кәдеге жарату бүгінгі қоғамның сұранысы деп ойлаймын. Пластмассалық қоқыстардың өзін өңдеу арқылы пайда табу ғана емес, қоршаған ортаға, қала көркіне, экологияның жақсаруына үлес қосу.

Мектеп оқушылары, студенттер мен қала тұрғындары қоқыс жинауды дағды етсе,-  дейді, жобаны қолға алған Ибрагим.  Тіпті, болашақта   пластикалық қалдықтарды өңдеп, қажеттілікке жарататын жабдықтар алуға мүмкіндік беретін станоктарды кәсіп көзіне айналдырмақ ниетті. .

Ибрагим ҚУАНДЫҚ, жоба жетекшісі:

- Біз станок арқылы пластмассаны қажеттілікке жарату, одан қажет өнім алуды көздейміз. Қазір барлық жоспарымыз осы жобаны тиімді пайдалану.

Жобаны  жүзеге асыру үшін әзірге  қаражат қажет. Өз күштерімен алғашқы қадамдарын жасауды бастаған жігіттер  демеуші табылса деген де тілектері бар. Бастаманы толықтай іске асыруға 3000 доллар көлемінде қаржы жұмсалмақ.  Бұл жоба арқылы  әлемді тазартып, жақсарту үшін айрықша үлес қосылмақ.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар