ҚОҚЫСТАН АРЫЛМАЙ ОТЫР

14:05, 10 шілде 2019

Облыс орталығындағы тұрмыстық қоқыс шығарудың 90 пайызын міндеттеріне алған «Горкомтранс» ЖШС өз қызметтерін орындауға үлгере алмай отыр. Мысалға, аядай ғана «Шапағат» ықшамауданының өзінде үйілген қоқыс апталап жатыр. Тұрмыстық қалдықтар арнайы жәшіктер тұрмақ, қоқыс алаңқайын басып қалған

Қарағанды қаласы бойынша  бүгінде «Горкомтранс» ЖШС-не тиесілі 32 арнайы қоқыс шығаратын техника жұмыс істеп тұр. Кесте бойынша оның жетеуі «Оңтүстік-шығыс» ықшамауданын толықтай тазартып өтуі тиіс.  Соның бірі де «Шапағат» ықшамауданында төбе көрсетпегеніне 2 аптаға жуықтаған. Тіпті, оны шаһарымызға қыдырып келген қонақтарда байқап үлгерген.

Гүлмира ӘМІРОВА, қала қонағы:

-Қарағандыға қонақ болып келдім үш күннен асты мына қоқыстың жатқанына, сасып жатыр. Өту мүмкін емес. Көршілерден сұрасам, олар қоқыс тазалаушылар осылай сирек келеді деп үйреншікті кейіп танытты.

Жергілікті тұрғындар болса, қоқысқа жауапты компания қызметі әбден мезі етті,- дейді. Айтуларынша, көбіне орталық көшелер ғана үйілген тұрмыстық қалдықтардан жедел арылатын көрінеді.

БЛИЦ: каз+рус 2 человек

Ал, салаға жауапты мекеме жетекшілері болса, бұл жайттан мүлдем хабарсыз болып шықты. Десе де,  өз қызметімізді жүзеге асыруда кейде үлгермей жатамыз деп ақталған «Горкомтранс» ЖШС директордың орынбасары Талғат Сексенбаев санаулы сағаттарда қоқыстың көзін жоямыз деп сендірді.

Талғат СЕКСЕНБАЕВ, «ГорКомТранс»  ЖШС директорының орынбасары:

-2 апта, он күндей қоқыстың жатуы мүмкін емес. Сіздер қоңырау шалған соң, менде бірден аумаққа жауапты тұлғамен сөйлестім. Көліктер жіберілді. Қазір барлығын тазалаймыз. Кейде жүргізушілеріміз ауырып қалып, үлгемей жатамыз.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ, тілші:

-Тазалық-қашанда жан дүниеміздің рухани байлығы емес пе? Оның ішінде, қоғам тыныштығы мен көше тазалығы мәдениетіміздің көрінісі. Ал, мәдениет-ұлттық болмысымыздың шынайы көрінісі. Ендеше, халықтың қалтасынан қыруар қаражат төленіп отырған қызмет үлгісіне жауаптылар, өз міндеттеріне салақ қарауы тиіс емес деген ой түйдік. Әйтпесе, үйілген қоқыс, сасық иіс аумағында тұрып жатқан елдің де берекесі қашпасына кім кепіл!?

Осы тектес шағыммен Лободы көшесіндегі 37 үй тұрғындары да шағымданған болатын. Үйілген қоқыспен әбігер болған аталмыш аумақта жауапты мекеменің жұмыс кестесіне жуық арада ілігер деген сенімдеміз.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар