ҚОҚЫС СҰРЫПТАУ ЖЕЛІСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

16:06, 16 қазан 2020

Балқашта тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын арнайы желі іске қосылды. Ол металл, пластик, шыны, қағаз және басқа да қалдықтарды жинап, бөлшектеуге арналған жабдықтармен қамтамасыз етілген

Тұрмыстық қоқыс қалдықтарын сұрыптайтын цех полигон аймағына орнатылды. Қайта өңделетін барлық заттар жалпы қалдықтардан алынады. Кейіннен ол қабылдау пункттеріне өңдеуге жіберіледі. Қалған тұрмыстық қалдықтар көму үшін полигонға кетеді.

Ораз ТӘУІРБЕКОВ, Балқаш қаласының әкімі:

-Қазіргі күні біздің полигон 750 мың куб метр аумаққа тұрмыстық қатты қалдықтарды қабылдай алады. Бүгінде сол аумақ толып қалған. Сол себепті қоқыс мәселесі өзекті болып келген еді. Енді шешімі табылды. Сенімгерлік басқаруға қала полигоны беріліп, келісім бойынша сұрыптау желісі ашылып отыр.

Өткен жылы полигон сенімгерлік басқаруға берілген. Кәсіпкер өз қаражаты есебінен алаңды қоршады, сұрыптау желісі мен қалдықтарды өртеуге арналған жабдықтар сатып алды.

Ораз ТӘУІРБЕКОВ, Балқаш қаласының әкімі:

-Бұл жұмыстарды біз кезең кезеңімен жұзеге асыратын боламыз. Бұл еліміздің экологиялық заңнамасының бір талабын орындау деп айтуға толық негіз бар. Себебі, тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды полигонда утилизация жасауға болмайды. Алдымен сұрыпталу керек және қайта өңдеуден өтуі тиіс. Осы мәселені бірінші кезекте ескеріп отырмыз.

Болашақта органикалық қалдықтарды жоюға арналған инсинераторлық құрылғыларды қолдану нұсқасы қарастырылуда. Сонымен қатар, қалдықтардың басқа түрлерін, соның ішінде автомобиль дөңгелектері мен құрылыс қалдықтарын өңдеуді ұйымдастыру жоспарлануда.

Ботабек МАРАТҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
16:34, 23 қазан 2020
"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар