Қоқыс шығарылды

14:51, 13 ақпан 2019

«ГорКомТранс» компаниясы Молоков көшесіндегі қоқыстарды тазалау жұмыстарын бастады

Коммуналдық қызмет көрсетушілер  тұрғындармен  30-ға жуық келісім-шарт жасасқан. Қазір, жағдай біршама жақсарған.Бұл туралы Қазыбек би ауданы әкімінің мамандары мәлімдеді.

Бұл бейнелер   екі апта бұрын түсірілген болатын.Молоков көшесінің тұрғындары үлкен қоқыстың ортасында қалғанын айтып арнамызға шағымданды. Бұған дейін «ГорКомТранс» компаниясы олармен келісімге отырмаған. Сондай-ақ,қоқыс жәшіктерін де қоймаған екен.Тұрғындар наразылығынан кейін жауапты мекемеге айыппұл салынған.Тұрғындардың өтініші орындалып, көп жылғы үйіліп қалған қоқыстар шығарыла бастады. Бұл жерде арнайы техникалар бірнеше күн жұмыс жүргізеді. Күл-қоқыс пен қатты тұрмыстық қалдықтар да бар.Қазір, компаниямен келісім жасалып, қоқыстар  шығарыла бастады

Регина СЛЕСАРУК, «ГорКомТранс»ЖШС пайдалану бөлімінің басшысы:

-Аударма:Осы учаскемен 22 келісім-шарт жасастық.Қазір бұл аумақтың біраз бөлігін тазартамыз.Үлкен жәшіктер қойдық.Тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау жұмыстарын жалғастыра береміз

Валерия НИКИТИНА, Молоков көшесінің тұрғыны:

-Қанша жыл тостық.Әйтеуір қол жеткіздік-ау.Біз өте қуаныштымыз  

Бұл мәселені шешу жұмыстарының ортасында Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары Ләззат Ақылжанованың өзі жүріп, бақылауына алды. Тұрғындар шағымын орындауға білек сыбана кірісті.

Ләззат АҚЫЛЖАНОВА, Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары:

-Жұмыс жүйеленді.Біз оны жалғастыра береміз.2017 жылдан бері 34 қоқыс үйіндісі шығарылды.Өткен жылы 5, ал осы жылы 11қоқыс үйінділері арнайы полигондарға тасымалданды

Аудан әкімінің жауапты қызметкерлері мен мамандары бұл мәселені мүлт жібермей әлеуметтік желілерде қадағалап отыр.Онлайн жүйеде қандай жерде қар шығарылмады немесе қоқыс үйіндісі пайда болды, осы мәселелердің барлығы жіті назарларында екен. Қазір қарағандылықтар бейнежазбалар қалдырып,билікке алғыстарын жаудыруда.

Молоков көшесі тұрғындары үшін мәселе толықтай шешілді деуге болады. Қоқыстың бір бөлігін қазір, ал қалғанын көктемде шығару жоспарланыпты. Аулаға компания өкілдері  5 текше метрлік үлкен жәшік қойған. Бұл тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған.Ондағы қоқысты шығару белгіленген кесте бойынша жүргізіліп, тасымалданады

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар