ҚОҚЫС МӘСЕЛЕСІ СЫНҒА ІЛІНДІ

13:29, 30 маусым 2020

Облысымызда рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің мәселесі өзектілігін жоймай отыр. Қарағанды қаласында да қоқыс жинауға қатысты арыз-шағымдар жетерлік. Түйіткілді мәселелерді аймақ басшысы онлайн режимінде өткен аппараттық кеңесте қарады

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсет Тазабеков рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою  туралы баяндады. Сала басшысының айтуынша қалдықтарды жинау орындарын қашықтықтан зондтау арқылы ғарыштан анықтайды.

Әсет ТАЗАБЕКОВ,  табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

-Қалдықтарды жинау орындарын қашықтықтан зондтау арқылы ғарыштан анықтайды. Осылайша 800-ден астам стихиялық қоқыс орны табылды.. Олардың басым бөлігі жойылды. Бірақ бірқатар қалалар мен аудандарда белсенділік таныту қажет.  Бұл әсіресе Қарағанды мен Теміртауға қатысты.

Аймақ басшысы  қала және аудандық әкімдіктер құзырындағы мәселелерге араласуға мәжбүр екендігін жеткізді.  Яғни, қордаланған  коммуналдық қызметтердің жұмысын сынға алды. Сондай-ақ  тәртіп орнатуды да талап етті.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Тазалық - бұл тұрғындардың бірінші кезекте назарын аударатын мәселесі. Өзекті проблема.  Қарағандыда қоқыс жинауға көп наразылықтар бар. Мен өзім жаяу жүріп, аулаларды аралаймын. Коммуналдық қызметтердің жұмысы өте нашар жүргізілетінін көріп жүрмін. Қала әкімшілігі тарапынан бақылау жоқ.

Облыс әкімі айтылған сын-ескертпелерден кейін, алдағы уақытта қандай жұмыстар атқарылғандығын тексеретінін  ескертті.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар