КӨКТЕМГІ КӨРМЕ

14:02, 16 сәуір 2019

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында Суретшілер Одағының көрмесі ашылды. Ені қарағандылықтар екі аптаға жуық тың туындыларды дәстүрлі көктемгі көрмеден көруге болады

Биылғы жылғы дәстүрлі көктемгі көрме құрамы жағынан шағын болғанымен, техникасы сан түрлі, стилі де әр алуан. Мұнда табиғат әсемдігімен күнделікті өмірдегі қоғам көрінісін шағын картиналардан тамашалай аласыз. Мысалға, суретші Алексей Шапошев «Естеліктер» деп аталатын жұмысын аяқтауға жарты жыл уақытын жұмсаған. Тіпті, көптеген мұрағаттық фотосуреттерді іздеп, шынайы бейнені айнытпай салу үшін бар ынтасымен іске кіріскен.

Алексей ШАПОШЕВ, суретші:

-Менің бұл туындым Анатолий Билыкке арналған. Мен оның шахтерлердің әйелдеріне арналған мүсінінің ескі суретін көрдім.   Бірақ мүсінші 2015 жылы көз жұмған соң бұл жоспарлар сол бету қалып қойды. Мені осы ескі фотосурет қызықтырды да Қарағанды туралы сурет салдым. Бұл жерде билік туралы, ескерткіш   сондай-ақ біздің қаламыздың заманауи келбеті бейнеленген.

Сурет әлеміне қадам басқан жастар жағы ұшқыр қиялы мен ішкі жан дүниесінің үйлесімділігі арқасында көп дүниені бір арнаға тоғыстыра білген. Әсем табиғаттың тамаша көрінісі көптеген суретшілердің туындыларында бейнеленген.

Назерке ЖАРТЫН, облыстық бейнелеу өнері мұражайының ғылыми қызметкері:

-Жастар жылы болған соң, қатысушыларымыздың дені жастар. Ең бастысы, шығармашылыққа жақын жастардың жұмысы көрініс табуда.  

Көрмеден туған өлкенің тарихы, мәдениеті мен әдет-ғұрыптары, шахтер еңбегі секілді тақырыптағы суреттерді қала тұрғындары 21 сәуірге дейін тамашалай алады.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ, тілші:

-Қарағандылықтарды тәнті еткен көрмеге 40 автордың 80 астам жұмысы қойылған. Мысалға, мына сурет тайқазан көтеру, көкпар ойнау секілді сәтті аңғартады. Ал, келесі картинада жергілікті  Сарыарқа хоккейшілерінің кезекті жеңісі кезіндегі қуанышты сәтін автор айнытпай келтірген. Тіпті, ауыл бейнесі, бала тұсауын кесу, ақ жол тілеу секілді салт дәстүрімізде қамтылған.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар