КӨКТЕМГІ КӨҢІЛДІ БАЛ

13:40, 15 наурыз 2019

Талғат Бигелдинов атындағы Қарағанды «Жас ұлан» республикалық мектебі жыл сайын 100-ден астам курсантты тәрбиелеп шығаруда. Болашақ әскерилердің буынын қатайтып, үлкен өмірге даярлауда маңызы зор білім ошағы күні кеше дәстүрлі көктемгі бал шарасын өткізді

Талғат Бигелдинов атындағы Қарағанды «Жас ұлан» республикалық мектебінде көктемгі бал осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Қаз қатар тізілген жас курсанттарды жайма шуақ көктеммен ілесіп жететін Наурыз мейрамын алғаш болып білім ошағы басшысы Атығай Балғабеков құттықтады. Сап түзеген болашақ әскерилер де сәні мен мәні жарасқан кешті зор қуанышпен қарсы алды.

Атығай БАЛҒАБЕКОВ, Қарағанды «Жас ұлан» республикалық мектебінің бастығы:  

-Көктемгі бал шарасына 30 жуық жұп қатысып отыр. біз барынша оларды осындай шараларға жұмылдыруды жөн санаймыз.

Би қойылымдарын ұландар мен Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің студенттерінен құралған 30 астам жұп көрсетті. Кештің қадірлі қонақтары Қарулы Күштердің ардагерлері мен  әскери мектеп тәрбиеленушілерінің ата-аналары. Дүйім жұрт «Полонез»,   «Фигурный вальс», «Венский вальс» билерін зор ілтипатпен тамашалады.

Темірлан СЕРІКОВ, «Жас ұлан» республикалық мектебінің курсанты:

-Өте тамаша көктемгі бал өтті. Тәттімбет өнер колледжінің студенттеріне алғысымыз шексіз. Жылда осы мерекелік кештің қызықты өтуіне атсалысып келеді. Біз Отанды сүю жолында мәдениетке де бір табан жақын болуды жөн деп санаймыз.

Өткен жылдың өзінде 105 курсантты түлеткен білім ошағы жастарды әскери өмірмен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсенді қатыстыруды жөн санайды. Ағымдағы оқу жылында еліміздің күллі аймағынан жалпы саны 122 шәкіртті қабылдаған мектептің 30 жуық курсанты түрлі жанрдағы билерді бар ықыластарымен орындап шықты. Ал,  Наурыз мейрамына арналған көктемгі балға арнайы шақыртылған өнер колледжінің студенттері де өз әсерлерімен бөлісті.

Гүлім ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенті:

-Наурыз мерекесі біз үшін жаңа жылдың бастауы. Біз бұл шараға 2 ай дайындалдық. Жас ұлан мектебі курсанттарымен жақсы кеш өткіздік.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар