КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

15:31, 22 қазан 2020

Қарағандыда жеке үй секторлары қашан орталық газ жүйесіне қосылады? Алдымен қандай көшелерге берілмек? Бұл үшін қанша төлеу керек? Осы мәселелердің барлығы қоғамдық кеңестің тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысында қаралды.

Бірнеше жылдан бері жеке үй секторларын алаңдатқан орталық газға қосылу мәселесі оң шешімін таппақ. Қаланы газдандыруға мүмкіндік беретін іске қосу кешендері 2026 жылға дейін жүргізілуде. Қаладағы газ тарату желілерінің құрылысы 4 кезекке бөлініп, 16 іске қосу кешеніне бөлінген. Алғашқы көгілдір отынға Михайлов көшесінің тұрғындары 2021 жылы қосылады.

Нұрлан ӘБЖАНОВ, қалалық құрылыс бөлімі басшысының м. а.:

- Қазіргі уақытта негізгі газ тарату бойынша 513 үй анықталды. Бұл біздің Саран тас жолы көшесі – 5 үй, Халиуллин көшесі – 16 үй, Алтай көшесі – 6 үй, Механическая көшесі – 5 үй, Заводская көшесі – 56 үй, Лесков көшесі – 18 үй, Тау – кен құтқару – 55, Гладков көшесі – 31 және Руднев көшесі-9 үй.

Орталық магистральдан жеке үй секторларына дейін республикалық бюджет есебінен көгілдір отын тиісті жерлерге тартылады. Әрі қарай үйдің ішіне тарту жұмыстарын тұрғындар өздерінің қаражаттарына жасатуы тиіс. Әрбір 100 шаршы метрге 200-250 теңгеден кетеді екен. “Ал, мұны кейбір әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың қалтасы көтере бермейді”, - дейді қоғам белсенділері.

Жеке үй секторы тұрғындары көгілдір отынды үйге кіргізу мен ай сайынғы триф есебі алаңдататындықтарын айтты.

Данияр КӘРІБАЕВ, энергетика және ТКШ басқармасының бас маманы:

-"КазТрансГаз Аймақ". Қазіргі уақытта олар тарифті қорғау рәсімін Ұлттық экономика министрлігінде жүргізуде. Яғни, тариф 21-ші жылдың басында белгілі болады. Қосылу мәселесі нысан тікелей пайдалануға берілгеннен кейін және желілер "ҚазТрансГаз Аймақ" басқармасына берілгеннен кейін ғана белгілі болады. Әзірге құрылыс бөлімі қазір қосылумен айналыса алмайды.

Қоғамдық кеңес мүшелері газбен қамтамасыз етуге қосылу мәселелеріне жүйелі түрде мониторинг жүргізуге ниетті.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ
14:01, 23 қараша 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ
Толығырақ...