КӨГІЛДІР ОТЫНҒА КӨП ҚАЛҒАН ЖОҚ

17:06, 11 қыркүйек 2019

«Сарыарқа» газ құбырынан көгілдір отын биылғы жылы Қарағанды, Теміртау, Жезқазғанға тартылады. Өңірде әзірге 756 шақырым құбыр төселді. Қазір дәнекерлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жобаның жұмыс қарқынын облыс әкімі Ерлан Қошанов көріп қайтты

Жуырда тұрғын үйлер көгілдір отынмен жылынатын болады. Жезқазғанда газ тарату желілерінің құрылысы басталды. Ал Қарағанды мен Теміртау ол құрылғыларды салуға осы аптада кіріседі. Жаңаарқа, Шет, Бұқар жырау, Осакаров аудандары мен Шахтинск қаласында жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов Қарағанды мен Теміртауда газ желтоқсан айының соңында, Жезқазғанда мерзімнен бір ай бұрын берілетін болады.

Ерлан ҚОШАНОВ, Қарағанды облысының әкімі:

-Барлық жұмыстарды мерзімінде аяқтауға үлгеру керек, егер проблемалар болса, тездетіңіздер, шешіңіздер. Сондай-ақ халықпен жұмыс істеу қажет. адамдарға газды қалай қосуға болатынын түсіндіріңіз, бұл қаншалықты тиімді екенін түсіндіріңіз, оларға осы мәселе бойынша көмек көрсетіңіздер.

Бастапқыда жылыту жүйесіне қажетті газ тек жеке сектордың тұрғындарына ғана қолжетімді болады. Уақыт өте келе көпқабатты үйлерге де тартылмақ. Алдын ала есептеу бойынша, Қарағанды облысында бір текше метр газ бағасы 47 теңгені құрайды.

Кұндыз НУПОВ, «КАТЭК» ЖШС инженерлік  компаниясының  бас  директоры:

-Қазіргі сызбанұсқа арқылы газ тарту пунктері ,газ құбырлары арқылы үй қоршауларына жеткізіледі.  Мұндай жүйе Оңтүстік қалаларда іске асырылған. Атап айтқанда, толық  газдандырылған Талдықорған қаласында да осындай схемамен жасалған.

Естеріңізге салайық, «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы 2018 жылдың қараша айында басталды. Елді газбен қамтамасыз ету Елбасы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы болатын.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар