ҚОҒАМНАН ТЫС ҚАЛҒАНДАР НАЗАРДА

17:31, 8 қазан 2019

Қаңғыбастарға арнайы түнейтін орын керек. Осындай ұсынысты Қарағанды қалалық қоғамдық кеңес мүшелері алға тартты. Олардың пайымдауынша, қиын жағдайға тап болған жандардың барлығы бірдей бейімдеу орталықтарының қызметіне жүгіне алмайды. Арнайы мекемелерде орын тапшы, тек 50 адамға көмек қолын созуға қауқарлы. Ал, ресми мәліметтерге сүйенсек, көше кезіп, пана іздегендер саны бұдан 8 есе көп. Мәселе қандай шешім тапты?

Басында панасы жоқ, қолын жайып әркімнен бір хайыр күтіп көше кезіп жүргендер қаншама. Өмірдің сынағынан сүрініп, енді міне қайыршының күйін кешіп, бірі жертөледе жылынса, ендігі біреулері қоқыс жәшіктерін қопарып, жүрек жалғар нәр іздейді. Иә, ащы да болса, Қарағандылықтардың көбісі көз жұма қарайтын осындай адамдар қоғам қотырына айналған. 

Бағлан МАКЕЖАНОВ, Қарағанды қ. ПБ – ның бөлім басшысы:

- Қабылдау орындарына адамды жылына бір рет қана орналастыруға болады.  Бұл Бас прокуратураның бұйрығына сәйкес жүзеге асады.

Мемлекетке тигізер үлесі кем болса да, қаңғыбастың кейпін жамылғандарды асырау билік басындағыларға міндет. Аталған мақстақа қала қазынасынан жыл сайын 66 миллион теңге қарастырылады. Қаражат олардың жатын орындары мен тамағына жұмсалуға бағытталған. Дейтұра, барлығының мұқтаждығын өтеу мүмкін болмай тұр. Арнайы мекемелердегі орын саны 50 ден аспайды. Жыл басынан бері бір ғана Майқұдықтың Архитектурная көшесінде орналасқан бейімдеу орталығына полиция қызметкерлері 400 ден аса адамды кезекпен орналастырған.

Жәнібек САДЫҚАНОВ, Қарағанды қ. қоғамдық кеңес мүшесі:

- Бір күнде сіздерге отыз адам келді делік. Ал, 50 орын толық. Сонда не істемексіздер?

- Мен барлығын бірдей қабылдау алмаймын.

Қоғам белсенділері түнеу орындарына мұқтаж жандарды арнайы мекемелермен қамту керек дейді. Соның ішінде, мұндай ошақтар қыс мезгілінде панасыз жандарға таптырмас олжа болар еді. Олар жылы жерде жуыну және тамақтану мүмкінідігіне ие болады. Бұл мәселе бүгінде қала бойынша шешімін табады деп күтілуде. 

Берекет ЖАЙНАЗАРОВ, Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:

- Кеңейтуді көздеп отырмыз. Архитектурная 7 мекен – жайының құжаттарын реттеп жатырмыз. 15 – не қарай өз балансымызға алмақпыз.

Алайда, сұрақ шешімі біраз уақытты талап етуде. Бюджетті нақтылап, құжат мәселелерін біржаққа шығарып, жоба келесі жылы жүзеге аспақ.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар