ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚҰРАМЫ ЖАҢАРДЫ

16:52, 5 наурыз 2019

Қарағанды қаласы қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бірінші кеңесін өткізді. Онда 4 салаға бағытталған комиссия төрағалары таңдалды. Бұл бюджет, әлеуметтік мәселер бойынша сұрақтар, тұрғын үй комуналды шаруашылық, құрылыс, экология және жемқорлықтың алдын алу

Қоғамдық кеңестің құрамында 30 адам бар. Бұл кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар, діни қызметкерлер және студенттер. Арасында ең жасы үлкені 73 те болса, ең жасы 18 де. Қоғамдық кеңестің төрағасы болып таңдалған  Қабдығали Оспанов жаңа құрамды  жауапты жұмыстармен зор міндеттер күтіп тұрғанын атап өтті. Себебі тұрғындарды толғандырған түйіткілді мәселелер дер кезінде шешілуі керек.   

Қабдығали ОСПАНОВ, Қалалық қоғамдық кеңес төрағасы:

-Ұжымдасқан қарқында жұмыс істейтік. Виктор Федорович 3 жылдың аралығында қоғамдық кеңес мүшелері жалығып, жұмысқа құлықтары болмайды  дейді.   Сондықтан келісіп, ақылдасып еңбек ету керек.  Егер жұмысқа деген ынталарыңыз болмаса қазірден бастап өтініш жаза беріңіздер. Бұл азаматтық ұстанымдарыңыз.Егер тұрғындарға көмектескілеріңз келсе, ендеше біздің көштен қалмаңыздар.   

Естеріңзге саламыз. Қарағанды қаласындағы қоғамдық кеңес өз жұмысын 2016 жылдың 2 наурызында бастады.   Ол кезде құрамында 28 адам болған еді. 2018 жылы    12 кеңес өтіп, 31 сұрақ қаралды.  

Гүлбақша АХАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар