ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЕСЕП БЕРДІ

17:41, 13 қыркүйек 2019

Ақтау кентінде бизнес нысандары жұмыс істемейді, инфрақұрылым жүйесіде нашар. Жалпы алғанда, елді мекен алға өрлеп даму байқалмайды. Қарағанды облыстың қоғамдық кеңес мүшелері осылай деп пайымдады

Жыл аяқталмағанына қарамастан, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері  өз жұмысын қорытындылауда.  Олар бүгінде аймақтағы бірқатар проблемалардың оң шешімін табуға мұрындық болған.  Мысалы, Саран қаласындағы қазандықтың сапасыз құрылысы шешілді. Жезді кентіндегі жалғыз  байыту фабрикасы жабылып қалғандықтан жұмыссыз қалған тұрғыдардың мұң мұқтажы да тыңдалды.  Ал 700 адам тұратын Ақтау кентінде тарифтер төмендемейді,  жалақы көтерілмейді, жанар май бекеті де жоқ.

Серік ТӨРЕГЕЛДИН, облыстық қоғамдық кеңес төарағасының орынбасары:

-Тұрғындар бұл мәселені қайта жандандыруға көмек сұрады. Елбасы  өткен жылы барлық жерде тарифтерді төмендету керектігін айтты. Барлық жерде төмендеді, ал бізде Ақтауда көтерілді. Көптеген тұрғындар малазиялық компанияға, цемент зауытына шағымданады. Жыл сайын барлық жерде жалақы өседі, ал бұл компания баяғы еңбек ақыны  ұстап отыр.

Отырыста Жезқазған аймағындағы  қоғамдық кеңес мүшелері де қатысты. Асқар Қошанов мысты өңірде жерді қалай заңсыз пайдаланып жатқандығын жеткізді.

Асқар ҚОШАНОВ, Сәтбаев қалалық қоғамдық кеңес мүшесі:

-Біздің жақта рұқсат етілмеген жерлерге адамды жерлей береді. сайды. Ешкім 6 шаршы метр аумақта  жерлемейді, ода насып түеді. Бұны да  бизнеске айналдырып жіберді. Ақша жинайтын заңсыз компаниялар бар.

Облыстың қоғамдық кеңесінің мүшелері осы мәселе бойынша ұсыныстар жасап,  оны бюджеттік комиссия қарауына жібереді.  Сонымен қатар, Свердлов облысының қоғамдық палатасымен ынтымақтастықты нығайтуды көздеп отыр. Олар екі жақты меморандумға қол қою жоспарлануда.

Ерқара АЙМАҒАМБЕТОВ, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы:

-Жаз бойы біздің облыстық қоғамдық кеңестің комиссия мүшелері жұмыс істеді. Аудан ауыл және қала тұрғындармен кездесті.

Екі сағат бойы облыстың қоғамдық кеңесі аймақтың түрлі проблемалық мәселелерін қарап, талқылады.  Алдағы уақытта басқада  жаңа жобалармен жұмыс жасауды діттеп отыр.  

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар