ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІ

16:35, 19 наурыз 2019

Президент «сәуір айынан бастап беріледі»-деген көп балалы аналарға арналған атаулы әлеуметтік көмек кімдерге және қалай беріледі? Ол үшін қандай құжаттар қажет? Бұл мәселе бүгін Қазақстан халқы ассамблеясы Қарағанды филиалының қоғамдық кеңесінде айтылды. Кеңес мүшелері жастар жылы аясында атқарылатын шаралармен қатар мүгедектердің мүмкіндігін шектемеу жайына да тоқталған

Осы жылдың 1-ші сәуірінен бастап атаулы әлеуметтік көмек алуға құжаттар қабылдана бастайтыны белгілі.  Ол үшін облыс және қалаларда тұратындар  әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларына барса болады, ал ауыл тұрғындары жергілікті әкімдікке баруы тиіс. Бағдарламаның қыр-сырын сондағы мамандар толық түсіндіріп беруге міндетті. Ал, жәрдемақы алушы бұрынғыдай көл-көсір құжат жинап әуре болмайды.

Мұхтар ТӨЛЕУ, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бөлім басшысы:

-Төл құжатпен ғана келеді, бұрын құаншама құжат әкелу керек болған.  Сосын Е- халық жүйесі арқылы базадан барлық ақпараттарды алады.

Айтпақшы, «жастар жылы» осы іске жауапты мамандарға да едәуір салмақ салғаны рас. Енді басқа қалпақ, қолға ту алып «ұрандатып» жүру барынша азайтылады. Оның орнына нақты кешенді шараларға көңіл бөлінеді. Мысалы басым бағыттардың бірі жұмыссыз жастардың қатарын азайту.

Мирас ҚҰТТЫБАЙ, Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

-Көбінесе жастарға мемлекеттік бағдарлама жетпей жатады, сондықтан біз аудан, қала әкімдері алдына міндет қойдық. Оқығысы келмейтін жастардың басын қосып, нақты жұмыстар атқарамыз.

Мүгедектердің де құқығы тапталмауы тиіс. Осы орайда қоғамдық келісім жанынан құрылған комиссия өз тексерісін жүргізіп келеді. Алдымен мәдениет ошақтарына тоқталған олар бірқатар олқылықтарды анықтапты.    

Зиновия КРАСИВСКАЯ, «Рідне слово» украин орталығының төрайымы:

-Біз 15- ші наурызда қаланың мәдени орындарында мүгедектердің құқықтары тапталмағанба деп зерттеу жүргіздік. Жалпы алғанда көңіліміз толды. Қазақ және Орыс театрларында еш кедергі жоқ деп айтуға болады. Бірақ, бірқатар ескертпелер болды, біз оны ескерттік.

Қоғамдық кеңес барысында мұнан өзге де маңызды мәселелер қозғалды. Соның бірі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа кезеңінің негізгі басымдықтары жайында.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ  

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар