ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

16:57, 13 шілде 2017

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Нұрлан Дулатбеков, Серік Сәпиев пен Наринэ Микаеляндар Қарқаралы ауданында қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың тілек-өтініштерін тыңдады. Мәжілісмендердің ауданға сапарын асыға күткен елден тілек-өтініш толассыз түсіп жатты. Бірі тарихи тұлғаларға ескерткіш орнатуды ұсынса, кайсыбірі әлеуметтік мәселелер туралы халық қалаулыларына құлағдар етілді

Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы арқылы тарихи құндылықтарымызды арттырып,  ұлттық жаңғыруды қолға алып отыр. Осы орайда, ауданда бірнеше ұлы тұлғалардың ескерткішін орнату жоспарға енген.  Ол үшін  бюджеттен қаржы бөлінбей отырғанын алға тартқан аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбеу Омаров мәселені Парламент деңгейінде қарастыру жөнінде тілегін жеткізді.  Жоспар жүзеге асса, Нығмет Нұрмақов, Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков секілді біртуар қазақ зиялыларының ескерткіші Қарқаралы төрінен орын алмақ.

Әбеу ОМАРОВ  Қарқаралы аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы

Рухани жаңғыруымыз үшін өткенімізге үңіліп, келешегімізге кеңінен қарауымыз керек деп Елбасымызда әрдайым айтады. Қарқаралы тарихи тұлғаларға бай өлке. Мына суреттер мен ұсынысты жауапты министрлікке де жібердік. Мақсатымыз ескерткіш орнату. Аталған жоба тікелей Ел Президентінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыруға толықтай негіз болмақ.

Одан бөлек, аудан жұртшылығы ауыз  су мәселесін көтеріп, су қоры жеткілікті аумақтан ұңғыма қазып, су тарту үшін жұмсалатын қаржының бөлінуін де сұрады. Мәселені шешуге 2 миллиард теңге жұмсалмақ. Алайда, тұрғындар қаржы бөлінбей отырғанына қапалы. Қоғамдық қабылдаудан соң орталықтағы басты нысандарды аралаған халық қалаулылары дене шынықтыру нысандарының қолжетімді болуы үшін тиімді ұсыныстарды ортаға салды. Ал, спорт саңлағы, бүгінде депутат Серік Сәпиев «Ауданда бірде-бір спорттық сауықтыру кешені жоқ», деген шағымдарын ерекше  назарға алды.Нысандарды аралап шыққан соң Парламент депутаттары мен аудан басшылығы активте бас қосты. Тақырыбы ортақ , мақсаты бір отырыста да халық көзқарасы басты назарда болды. Демографиялық өсімі жақсы өңірде балабақша да сұранысқа ие. Алдымен, аудан әкімі Халел Мақсұтов соңғы жартыжылдыққа қорытынды жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Ел тілегін ескеріп болған соң депутаттар көтерілген тақырыптар қараусыз қалмайтынына сенім білдірді.

Нұрлан ДУЛАТБЕКОВ    ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Егіндібұлақ, Талды жерлеріне барып, жұртшылықпен кездесіп, өзекті сұрақтарды халықпен бірге талқылап, айтылған үлкен-үлкен мәселелерді көтеріп қайттық. Қаздауысты Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойы осы қасиетті топырақта өтпек. Үлкен оасы мақаладағы көптеген пікірлер осы мерейтой кезінде жүзеге асатын сияқты.

Аудандандағы сметалық құжаттары әзір бұл жобалар тек қаржы бөлінуді ғана күтіп тұр. Мәселені облыс басшысы Ерлан Қошановтың назарда ұстап отырғаны да жиын барысында сөз болды.  Депутаттар Қарқаралы қаласынан бөлек, Егіндібұлақ, Қарағайлы кенттерін де аралап, халықпен етене жақын тілдесіп қайтты. Ал, 18 тамыз күні Қарқаралы жұрты ел болып Қаздауысты Қазыбек бидің 350 жылдығын кеңінен тойламақ. Бұл да, өткен тарихқа құрметпен қарау, рухани жаңғыра түсудің басты кілті дейді, -халық қалаулылары.

Мақсат БЕЙСЕНАЕ

Тақырып бойынша материалдар

 «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы да өзінің 22 жылдық мерейтойын атап өтуде
18:29, 20 қараша 2017
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы да өзінің 22 жылдық мер...
Толығырақ...
Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактілері әлі күнге азаймай тұр
18:28, 20 қараша 2017
Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактіл...
Толығырақ...
Шағын жинақты мектептерді дамытуда Қарағанды облысының тәжірибесі еліміз бойынша тиімді деп танылған
18:28, 20 қараша 2017
Шағын жинақты мектептерді дамытуда Қарағанды облысының тәжір...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Биыл Қарағанды облысында жол апатынан қайтыс болған адамдар саны 100 ден асады
14:21, 16 қараша 2017
Биыл Қарағанды облысында жол апатынан қайтыс болған адамдар...
Толығырақ...
2017 жылдың 15 қарашасынан бастап елімізде  латын қаріпінде сауатылықты арттыру мақсатында республикалық акция  басталды
17:28, 15 қараша 2017
2017 жылдың 15 қарашасынан бастап елімізде латын қаріпінде...
Толығырақ...