Қоғамда діни ахуалды жақсарту үшін түзеу мекемелерінде экстремизим мен терроризмнің алдын алуға күш салу қажет

18:48, 17 ақпан 2017

Сотталушыларға семинар өткізіп, ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізу маңызды. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осы шаралардың аса қажеттілігіне Елбасы да биылғы Жолдауында ерекше тоқталған болатын. Бұл этно-мәдени және діни бірлестік өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте талқыланды

Қазақстандаэкстремизим, терроризм бабы бойынша 400-денастам адам сотталған.Олар темір торға қамалған соңбасқада жазасын өтеп жатқандар санасын улап, түзеу мекемесінде тағы бір заң бұзушылыққа жол береді. Нәтижесінде қапастағылар басқа ағым жетегінде  кетеді. Сондықтан қазір түрмелерде дәстүрлі дінге насихат жұмыстарын жүргізу мәселесін қолға алу керек- деп есептейді дінтанушылар.

Мемлекет басшысы экстремизим, терроризмнің алдын алу қажеттілігін биылғы Жолдауында да  нақтылады. Бұл бағытта диструктивті күштерді қаржыландыратындарға тосқауыл болуды назарға алды. Бастысы шетелдік террористік ұйымдармен байланыс жасайтындармен күрес жүргізуді жетілдіруді тапсырды.

Қарағанды облыстық дін істер басқармасы халықтың діни сауалтылығын арттыруға ерекше көңіл бөліп отыр. Кездесу барысында айтылған ұсыныс-тілектермен алдағы уақытта жұмыстар жүргізілмек.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА 

Тақырып бойынша материалдар

«QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ЖАНАТ ЖАҚИЯНОВТЫҢ КӘСІПҚОЙ БОКС КЕШІН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРСЕТЕДІ
16:56, 17 қазан 2017
«QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ЖАНАТ ЖАҚИЯНОВТЫҢ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қарағанды қаласында  «Кітапханаға латын әліпбиіндегі кітап сыйла» атты акция басталды
16:32, 13 қазан 2017
Қарағанды қаласында «Кітапханаға латын әліпбиіндегі кітап с...
Толығырақ...