Кодекстің көмегі

21:36, 19 мамыр 2017

Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған –Қылмыстық-атқару кодексі редакциясының жаңа жобасы өз нәтижесін бере бастады.Заңнама 2 жыл бұрын қолданысқа енді. Аталмыш заңның аймағымыздағы жүзеге асу аясы қалай? Бүгін Жоғары палатаның салалық комитетінің алты мүшесі облысымызда болып, ауқымы кең бастаманың аяқ алысымен танысты

Отырыс Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбайдың баяндамасымен басталды. Басты мақсат- қылмыстық атқару кодексінің қолданылу аясын кеңейтіп, сот жүйесіне серпіліс беру. Заң аясында процеске қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау кепілдіктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп келеді,- дейді, сенатор Серік Ақылбай.

Серік АҚЫЛБАЙ  ҚР Парламент Сенатының депутаты

Заңның қалай орындалғанын жергілікті жерде көріп, тыңдап істеп жатқан заңға қандай өзгерістер енгізу қажет. Қандай келеңсізд жағдайлар бар. Соған әдейі келді. Сотталғандармен де бүгін кездесеміз, колонияларда.

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов пен  ішкі істер министрінің орынбасары Берік Бисенқұлов та қылмыстық атқару саласына қатысты баяндама жасады. Делегат мүшелерінің дерегіне сүйенсек, елімізде 1200 сотталушы білім алған. 4 модельді жүйеде жұмыс жасайтын пробация қызметі нәтижесінде сотталушылардың 70-пайыздан астамы әлеуметтік ортаға бейімделу көмегін алыпты. Ал, Ел Президенті арқау болған амнистия арқасында 29-мыңнан астам сотталушының жазасы жеңілдетілген көрінеді.

Берік БИСЕНҚҰЛОВ  ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары

2015 жылдан бері 11 –мыңнан астам істі қайта қарау жөнінде өтініш сотқа түсті. Соның барлығы да жан-жақты сараланып, 1000-нан астам соталушының жазасы қысқарды. Соңғы екі жылда босаған 29 мың адамның басым бөлігі аяғы ауыр әйелдер, кәмелетке толмаған жасөспірімдер мен мүгедек жандар.

Отырыста гуманизация мәселелері де сөз болды. Қылмыстық істерді гуманизациялау- яғни ізгілендіру, бір жолға түсіру коррупциялық бизнеске айналып кетпесін,- деген Елбасы пікірі де ел аузында үнемі айтылып жүр. Ал, жазасын өтеушілерді еңбекпен қамту заман ағымына сай жетіліп келе жатқан тың бастама. Түзеу мекемесі жағынан елімізде алдыңғы орында тұрғандардың бірі- Қарағанды облысы екенін ескерсек, бұл өңіріміз үшін өте өзекті бағдар екені анық.

Жандос ӘБІШЕВ    Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

Өткен оқу жылы облысымызда 132 сотталушы білімін жетілдірді. Ал, ағымдағы жылы аймақта тұңғыш рет құны 22 миллион теңгенің «Адамдарға мүмкіндік беріңіз» атты жобасы іске асырылуда. Мемлекеттік тапсырыс негізінде бюджеттен қаржы бөлінді. Ал, сотталушы 51 қосымша жұмыс орны ашылды. Оған жаңа 9 кәсіпорын іске қосылуы себеп болды.

Сөз алғандар сондай-ақ талқыланған салалар бойынша заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстарды ортаға салды. Жиыннан соң сенаторлар облыстағы түзеу мекемелерін аралап шықты. Қандайда бір заңға өзгерістер енгізу қажетпе, жоқпа? Ол алдағы күннің еншісінде шешілетін болады.   

Асылбек ТОЙБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Қыста қаланы қардан тазалау үшін - коммуналды қызметтің саны емес, сапасы маңызды
17:45, 20 қазан 2017
Қыста қаланы қардан тазалау үшін - коммуналды қызметтің саны...
Толығырақ...
Қарағанды қаласындағы №93 мектеп-гимназиясында «Латын әліпбиінің Қазақстан тарихында алатын орны» атты семинар өтті
17:44, 20 қазан 2017
Қарағанды қаласындағы №93 мектеп-гимназиясында «Латын әліпби...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіне 80 жыл
17:54, 16 қазан 2017
Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіне 80 жыл
Толығырақ...