КОДЕКС ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

13:22, 9 қыркүйек 2019

Елдің экологиялық жағдайына қазақстандықтар қатты алаңдайды.Қазір елімізде жаңа экологиялық кодекс әзіленуде.Экология саласындағы шенеуніктердің айтуынша заң жобасын түсіндіру үшін идустриялық кездейсоқ таңдалмаған.Келелі кеңеске алпауыт кәсіпорын өкілдерімен қоғам белсенділері қатысты

Осыдан 30 жыл бұрын Еуропа мен АҚШ-та  экология саласындағы істер көңіл көншітпейтін еді.Яғни өзендері ластанып, ауасына қара түтін зиян келтірген болатын.Бірақ  заңнамадағы өзгерістердің арқасында ғана бұл елдерде жағдайды жақсартуға қол жеткізілді.Демек, еліміздің жаңа экологиялық кодексі  дамыған мемлекеттердің теңдессіз тәжірибесі екені даусыз. Құжаттың қағидалары жаңа тәсілдерді қамтиды,- дейді экологтар.

Зулфухар ЖОЛДАСОВ, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы:

-Біріншіден өзгерістер  стратегиялық және экологиялық бағалау ұғымына енгізілмек. Кез келген  мемлекеттік бағдарлама стратегиялық және экологиялық бағалаудан өтуі тиіс.Әйтседе біз еуропалық стандарттар бойынша қоршаған ортаға әсер  бағалауды қайта қараймыз. Әрбір жобаларды іске асырғанға дейін,қоғам өкілдерінің  пікірі ескеріледі.

Жаңа заң бойынша кәсіпорындар экологиялық шаралар кешенін орындауға міндетті.Бастысы 10 жыл ішінде экотехнологияларды енгізу.Сонымен қатар қоғамдық және мемлекеттік органдарда  ірі кәсіпорындардағы ауаның ластану деңгейін бақылау мүмкіндігі пайда болады. Ал заңнаманы бұзғаны үшін өнеркәсіптерге жоғары жауапкершілік пен  көлемді айыппұл қарастырылған.

Зулфухар ЖОЛДАСОВ, ҚР Экология, геологя және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы:

- Бұдан басқа, бірінші санаттағы кәсіпорындар үшін міндетті талап – онлайн мониторинг.Мәселен ақпарат мемлекеттік органдар мен жұртшылыққа жарияланып отырады. Барлық бірінші санаттағы кәсіпорындарда үздіксіз болуы тиіс. Түптеп келгенде, кәсіпорындар ашықтыққа ұмтылады. Кәсіпорындар осы автоматтандырылған мониторингтерді енгізуге  белгілі мерзім береміз.

Жалпы заң жобасын  қоғам белсенділері бірауыздан құптады.Озық елдердің  табысты тәжірибесі мен жаңа тиімді тетігі уақыттың талабы.Алайда тың кодекстегі терминдер мен ұғымдар қосымша түсіндіруді қажет етеді.

Кеңесте тараптар көкейлерінде жүрген сұрақтарды ортаға салды.  Өндірістік кәсіпорындардағы зиянды қалдықтар үшін төлейтін қаржыға олар алаңдаушылық білдірді.

Дмитрий КАЛМЫКОВ, облыстық экологиялық мұражай ҚБ директоры:

-Түскен ақша  салыққа түседі. Тек фискалдық функция орындалады. Бюджетке көбірек ақша жиналады. Қоршаған ортаны қорғауға аталған қаржының қатысы жоқ. Менің ойымша олар қазір бизнестің дамуын тежейді.Тағы бір ұсынысым бар.Бюджет кодексін өзгерту керек. Содан жиналған  ақшаны қоршаған ортаны қорғауға жұмсау керек.

Кодексті толық пысықтауға  әлі уақыт бар. Заң жобасы  Мәжілістің  қарауына желтоқсан айында жіберіледі.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар