ҚИЫН СӘТТЕГІ ҚОЛҒАБЫС

12:39, 26 наурыз 2020

Қарағандылық волонтерлер мүмкіндігі шектеулі жалғыз басты анаға көмек қолын созды. Олар демеушілер тауып, тұрғын үйдің төбесіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп берді

Елена Стулова, Майқұдықтағы Щорс көшесіндегі екі қабатты үйдің байырғы тұрғындарының бірі.Оның туған-туыстары жоқ. 2016-шы жылы үйінің төбесінен су сорғалап, біраз әбігерге түскен  болатын

Елена СТУЛОВА, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Үй төбесіндегі шатырлар үгіліп, кетті. Жауын суы үйге ақты. Мазам қашты. Жауынды күндері әбден әбігерге түсетінмін. Өте қиын болды. Су төбеден сорғалап тұратын.

Өткен жылы үй төбесіне жөндеу жұмыстарын жүргізген.Ал, ішкі құрылыс  жұмыстары жайы мен қалған еді.. Елена Михайлованың бармаған жері, баспаған тауы қалмаған.Қиналған тұрғынға өз күші мен қалыпқа келтіру жөнінде ұсыныс та, айтылған.

Жергілікті билік қарағандылық волонтерлерге жүгінген.Олар әлеуметтік желілер арқылы бұл мәселені көпшілікке таратқан.Осынау жауапты іске селқос қарамайтын жандар ақша қаражатын аудара бастады.Бұл қаржыға құрылысқа қажетті материалдар сатып, алынған.Волонтерлер, жұмысшылар жалдап, бір аптада  үй төбесінің кемшін тұстарын қалыпқа келтірді.

Оксана КУЗНЕЦОВА, «VOLKRG» волонтері:

-Суағарлар қойып,тіреулер орнатты.Қазір, құрғақ сылақ материалдары мен көмкерілді.Қабырғалары тегістелді.Енді едендер мен есіктерді бояу жұмыстары қалды.Толық күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.Қарағандылықтарға айтар алғысым шексіз.Олар осындай жағдайда қолдау көрсетіп, бізбен бірге болды.

Сонымен қатар волонтерлер пластикалық терезелер орнатып беру үшін, демеушілер тауып, пәтерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге кірісті.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар