КІТАПХАНАДА ЖАҢА ОРТАЛЫҚ

15:31, 8 ақпан 2019

Кітапхана оқырмандары үшін жағымды жаңалық. Енді, рухани дүниеңізді байыту үшін кітап оқи отырып, тынығуға сондай-ақ, спорттық ойындармен шұғылдануға болады. Бұған қоса, зияткерлік ойындардың да түр-түрімен де айналыса аласыз.

«Нұр Отан» партиясының тікелей бастамасымен жүзеге асып жатқан «Коворкинг орталықтарының» ашылуы, бүгін М.Әуезов атындағы кітапханада жалғасын тапты. Мұнда, мультимедиялық кабинеттер мен интелектуалды демалысқа қажетті барлық мүмкіндік қарастырылған. 60 мың оқырманы бар кітапхана бұл жаңашылдықты Қарағанды қаласының 85 жылдығына арналған тарту деп қабылдады.

Таңшолпан ҒАБДОЛЛА,  М.Әуезов атындағы кітапхананың бөлім меңгерушісі:

-Бүгінгі орталық цифрлы Қазақстан бағдарламасын жүзеге асырудың бір жемісі. Кітаптардың басым бөлігі Қарағандының тарихы жөнінде қамтылған.

Кітапханаға келушілер үшін «Білім ал» орталығы мен «Сарыарқа лайф» жас ақындар тобының есігі де әрдайым ашық. Мысалға, жас бүлдіршіндер үшін 3Д көзілдірікпен не болмаса дыбыстап оқитын құрылғысы арқылы кітап оқуға болады. Тіпті, егде жастағы қариялар үшін де бір сәт уақытын қоғамдық ортада, көпшілікпен бірге өткізу жағы қарастырылған. Ал, сауат ашып, рухани байлыққа кенелемін деушілер үшін QR-код жүйесі арқылы кез-келген кітапты ұялы телефонмен оқып шығуға болады.

Юлия БАДИНА, «Нұр Отан» партиясы Қарағанды  филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

-Бұл орталықтардың жұмысы халықтың қоғам арасындағы байланысын нығайтуға арналған. Сонымен қатар, әрбір жастың таланттыболып қалыптасуына жол ашады. Адам санына қарай барлық кітапханаларда осындай орталықтарды ашу көзделуде. Бүгін көріп отырғандарыңыздай, коворкинг орталығынан жастардың зор ықыластарын байқап отырмыз.

Бұл Қарағанды қаласы бойынша осымен, кітапханаларда ашылған екінші коворкинг орталығы. Жақын күндерде заманауи үлгіде тағы 4 кітапхана өз жұмысын жаңа үлгіде бастамақ.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар