КІТАП АЛМАСУ –БАҒЫМДЫ БАСТАМА

13:29, 10 қыркүйек 2019

Қарағандыда буккроссинг – аумақтарын ашу шарасы өтті. Акция кез-келген кітапты өзің оқып -өзгеге бер деген қағидаға негізделген. Аталмыш шара жастар жылы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды

Батыста қанатын кеңге жайған буккроссинг- бірте-бірте егемен елімізде қарқын алып келеді. Жарқын жоба кітап алмасу мәдениетін насихаттауға негізделген.

Нұрислам ИСМАИЛ, «Social Develoment Center» қоғамдық қорының бас маманы:

-Бұл жоба "Social Development Center" қоғамдық қоры арқылы жүзеге асырылуда. Біз бастаманы  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамалар орталығы"  гранттық қаржыландыру бойынша өркендетудеміз. Осы жоба аясында біз 17 қалада 57 шкафты орнатамыз. Яғни бұл  орталықтар мен республикалық маңызы бар 3 қала.

"Буккроссингтің" негізгі идеясы-кез-келген кітапты «өзің оқып,өзгеге бер»- деген қағидаға бағытталған.Акцияның бір айрықшалығы сөрелерге оқыған кітапты қойып, оның орнына басқасын ала аласыз.Бірақ әрбір адам оған жауапты екенін әсте ұмытпауы тиіс.

Бақтияр БЕКМҰРЗАЕВ, Қарағанды қалалық жастар ресурстық орталығының директоры:

-Қарағандыда үш буккроссинг бар. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті базасының  «Жастар әлемі"негізінде ашылды. Келесі буккроссинг "Таир" сауда орталығы  және "GOOD ZONE" коворкинг аймағында ашылды. Әр сөреге атау берілді. Бүгін ҚарМТУ-да буккроссинг жұмсын бастады.  Ол Жүсіпбек Аймауытовтың  атымен аталады. Біздің келесі Оскар Уайльд Таирда, "GOODZONE" – дағы А. С. Пушкиннің есімімімен аталады.

Салтанатты сәттен  кейін  ашық  кітап алмасу шарасы  өтті. Оқырмандар назарына  түрлі жанрдағы шығармалар ұсынылды.

Ердәулет  ЕРДЕН, ҚарМТУ-дың студенті:

-Менің ойымша,қаламызда  оқымысты жастар баршылық. Қажетті  іс шаралар жиі  өткізілетініне сенімдімін.

Рухани шара  көңілді концертпен жалғасты.Сонымен қатар сыйлықтар сарапқа салынған  ұтыс ойыны ұтымды ұйымдастырылды.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар