КІМ ЖАУАПТЫ?

13:11, 15 тамыз 2019

Қарағандыдағы Мұса Жәлел көшесінің тұрғындары 3 ай бойы ауыз сусыз отыр. Шағын көшедегі су құбырының жарылуы салдарынан 4 бірдей жеке сектор тұрғындарына тіршілік нәрі жетпей қалған. «Қарағанды су» компаниясы өкілдері ақау орын алған нүктеге дереу жетіп, құбырды жөндегенімен, су тоқтамай қойған. Кейін монополист компания құбыр олардың баланстына жатпайтынын айтқан. Содан бері тұрғындардың тоздырмаған табалдырығы жоқ, бірақ, нәтиже шықпай отыр

Андрей Қарағандының қақ ортасында тұрсада, тоқсаныншы жылдардың кебін киіп отыр. Ала жаздай шиттей бала-шағасыда, өзі де мына елегенге су толтырып жуынған. Есесіне, тұп-тура есігінің алдынан жарылған құбыр үйді алып кетуге аз қалыпты.   

Андрей МОТОРЫГИН, Мұса Жәлел көшесінің тұрғыны:

-Келді де қазып, су құбырының тесілген жеріне ағаштан сына қағып, велосипед камерасымен орап тастады. Жұмыстарының нәтижесі бәр апта өтпей жатып қайта бетіне шықты. Енді Қарағанды суға хабарласақ келмейміз, біздің балансқа жатпайды дейді.

Молдахан НҰРҒАЛИЕВ, Мұса Жәлел көшесінің тұрғыны:

-Жұмысшылар түкте істеген жок. Барсақ Қарағанды балансында жоқ дейді. Қалай сонда бәрін алып, мына 4 үйді алмаған, қалай?

Бұл жағдай осы көшенің тұрғыны Акрамның да бас ауруына айналған. Кей жауаптылардың салғырттығынан қажыған ол тіпті үйін сатуға бел байлап отыр.

Акрам СУНАТҰЛЫ, Мұса Жәлел көшесінің тұрғыны:

-3 балам бар. Ала жаздай суға түсу қиын болды. Бау-бақша қурап қалудың аз-ақ алдында тұр. Судың екпіні жоқтың қасы. Тамшылап қана келеді.

 «Қарағанды су» компаниясының өкілдері болса, алғашқы жөндеу жұмыстары тұрғындарға көмек ретінде көрсетіген дейді. Бірақ, желінің тозығы жеткен, сондықтан алмастыру керек. Ал, жүйе компания еншісінде болмағандықтан, оны ауыстыруға құқығы жоқ.

Айнұр АКЕЕВА, «Қарағанды су» ЖШС баспасөз хатшысы:

-Қарағанды су қызметі тарифтік сметаға негізделген. Тарифті қаражатты кәсіпорын теңгерімінде жоқ жерге жұмсауға құқығымыз жоқ. Тұрғындарға осындай жөндеу жұмыстарын жүргізетін меншікті компанияларға жүгінуге кеңес береміз.

Сондай-ақ серіктестік өкілдері тұрғындар бірігіп, желінің техникалық құжатын дұрыстаған соң, «Қарағанды су» балансына өтуіне мүмкіндік бар екенін айтады. Әзірге қалалық әкімдікке жүгініп, көмек сұрауға кеңес береді.  

Молдахан НҰРҒАЛИЕВ, Жәлелов көшесінің тұрғыны:

-Нұр Отан, әкімдікке жаздық, ештеңе істемеді. Шаршадым оларға барып. Енді өзіміз істейік десек жағдайда жоқ. Алдында Камаз түсіп кеткен оны жұлып алды, балалар жүреді, олар түсіп кетуі мүмкін.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар