КІМ АРАША БОЛАДЫ?

17:07, 13 мамыр 2019

Құрылысшылар даңғылындағы жолды қайта қалпына келтіру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды. Өйткені, ондаған ағаш түбімен кесіліп тасталыпты

Бұл кадрларды Құрылысшылар даңғылының тұрғындары түсірген. Ондаған жылдар бойы жайқалып  өскен терек ағаштары  бір күнде шабылған.  Қарағандылықтар бұл ағаштар көп қабатты үйлерді күн мен шаңнан қорғап тұрған- дейді.

Бейбітнұр ЕРМАҒАМБЕТОВА, қала тұрғыны:

-Адамның қауіпсіздігі бірінші орындар. Жолдың кеңі болғаны да жақсы, алайда ағаш кескен адамның көңілін ауыртады.

Көшені қайта қалыпына келтіру жұмыстары  өткен жылы басталды. Бүгінге дейін мұнда жер асты коммуналдық магистральдары ауыстырылды. Енді ағаштарды кесу  жұмыстары басталған. Жасыл желектің орнына сөйтіп автотұрақ пайда болған.

Татьяна  ХРОПОВА, жобаның бас инженері:

-Әрбір машина қоятын  орынның белгілі бір талап етілетін ұзындығы мен   ені сақталуы тиіс. Осы талаптармен  тұрақ жасалады.

Билік өкілдері, жоба екі жақты сараптамадан және  келісімдерден өтті деп сендірді.  Оны әзірлеудің бастапқы кезеңінде, 2017 жылы экологиялық залал бойынша көпшілік тыңдаулар да өткен.

Дмитрий  КАЛМЫКОВ, эколог:
-Тыңдаулардың басты мақсаты - қоғамды ақпараттандыру. Айта кету керек, көпшілік тыңдауларда  Құрылысшылар даңғылының 5 тұрғыны болған. Сондықтан  үн қатпай үйіңізде отырсаңыз ағаштарды сақтай алмайсыз.

Құжаттарға сәйкес, әкімдік 178 ағаш пен 43 бұта кесуге рұқсат беріпті. Есесіне мердігер, жойылған бұталардың орнына үш есе артық көшет отырғызуға міндетті. Ал, жолдарды қалпына келтіру жұмыстары жыл аяғына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар