КИКБОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

17:54, 7 қараша 2018

Қарағандыда кикбокстан әлем чемпионаты басталды. Екі күнге созылатын жарыс қортындысы бойынша, жеңімпаздар әлем чемпионатына жолдама алады. Онымен қатар спорт шебері атағына қол жеткізеді. Додаға елдің 14 облысынан 200-ге жуық спортшы келген.

Жарыс биыл Қарағандыда осымен 4-ші мәрте ұйымдастырылып отыр. Екі күн бойы елдің  түкпір-түкпірінен келген спортшылар өзара «кім мықтыны» сарапқа салатын болады. Топтан оза шапқандар Ресейде өтетін әлем чемпионатына жолдама алмақ. Сондықтан ел чемпионатына дайындық айтарлықтай жоғары деңгейде өткен. Жарыстың ұйымдастырылуында да мін жоқ. 

Айдын ТӨЛЕБАЕВ, Әлем,Еуропа чемпионаттарының жүлдегері,Ақтөбе облысы:

-Қарағанды қаласында өте жақсы деңгейде өтіп жатыр. маған ұнады. Кеше Минск қаласында панкратионнан 2-орын алдым. Сол жақтан ұшып осында келдім.

Жандос МАДЕХИЯНОВ, халықаралық дәрежедегі спорт шебері,Қарағанды облысы:

-55 келіде жанысқа шығып жатырмын. Мұнда әлем, Еуропа чемпионы бар. Бар өнерді көрсетіп, 1- ші орын алуға тырысамын.

Қоянқолтық ұрыстың Қарағанды облысындағы аяқ алысы жақсы. Тек өткен жылдың өзінде облыстан бірқатар әлем, еуропа чемпиондары шығыпты. Бірқатар спаортшылар ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп жүр. Сондықтан жауапкершілік жақсы нәтижде көрстеуді талап етеді.

Нұржан ШАЙХИН, Қарағанды облысы «жекпе-жек ұрыс» федерациясының президенті:

-Бұл сайыста 1,2 орын алғандар  мамыр айында әлем чемпионатына барады. Санк Петербург қаласында. Бұл соған іріктеу. Сондай-ақ спорт шебері атағын алады.

Жалпы бұл спорт түрінен оза шабу қиын. Себебі жарысқа елдің күштік құрылымдарынан мықты-мықты деген спортшылар қатысады. Оның ішінде ҰҚК, Спецназ, арнайы жасақ тіпті президент күзетінің қызметкерлері де бар. Деседе шын мықтыға қашанда тұсау жоқ екенін бұл спорнт түрі талайдан бері дәлелдеп келеді дейді ұйымдастырушылар. 

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕАРНА ТАРИХЫН ТОПТАСТЫРҒАН ТУЫНДЫ
16:10, 13 қараша 2018
ТЕЛЕАРНА ТАРИХЫН ТОПТАСТЫРҒАН ТУЫНДЫ
Толығырақ...