КИІКТЕРГЕ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙДІ

16:30, 12 қаңтар 2021

Қарағандыдағы орман және жануарлар әлемі шаруашылығының қорғаушылары киіктерге бақылауды күшейтті

Осы жексенбі күні 3 топтан құралған бақылаушылар Жаңаарқа және Нұра аудандарына аттанды. Мамандардың негізгі мақсаты қалыптасқан ахуалды білумен қатар киіктерге мониторингтік жұмыс жүргізу. Сонымен қатар, Қызыл кітапқа енген жануарлардың азықтануына да баса назар аудару. Жуық арада әлеуметтік желі қолданушылары түз тағыларының аяз салдарынан жүдеп-жадағаны турасында айтып, дабыл қаққан еді. Мамандар оны жоққа шығарады. Жауаптылар мұны желтоқсан айында киіктердің қоныс аударуымен тығыз байланыстырған. Ал, әлсіздері әрине өледі. Ақмола және Қарағанды облыстары бойынша 14 киіктің өлгені белгілі болған. Жалпы біздің аймақ бойынша 20 мыңға жуық киік бар екен. Егер әлсіреген киіктер туралы естіген болсаңыз, онда 44-29-71 және 43-79-38  телефондарына хабарласуға болады. 

Мақсат МҰҚАНОВ, Қарағанды орман қорғау шаруашылығы мен жануарлар әлемінің директоры:   

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар