КӘСІПТІҢ КӨЗІН ТАПҚАН ТАБЫСҚА ЖЕТЕДІ

15:09, 17 қараша 2020

Еңбек түбі – береке. Осы қанатты қағиданы Жаңаарқа ауданына қарасты Талдыбұлақ ауылдық округінің тұрғыны Шыңғыс Абайдилдинов қазық етіп ұстанады. «Орда» шаруа қожалығы жетекшісі несие алып, несібін арттырып, табысын еселеді. Ата кәсіпке епті жігіт бүгінде ірі қараны көптеп өсіріп, мал басын асылдандыруға бет бұрған. Мемлекет қолдауымен мал шаруашлығын жандандырған жігітпен біздің түсіру тобымыз тілдесті

Жаңаарқа ауданына қарасты Талдыбұлақ округінің тұрғыны Шыңғыс Абайдилдинов нартәуекел деп 2014 жылы «Орда» шаруа қожалығын құрады. Сөйтіп, іскер жігіт «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген пайызбен  9 миллион  несиеге қол жеткізеді. Мемлекет қолдауының арқасында қомақты қаржыға 75 бас ірі қара сатып алады.

Шыңғыс АБАЙДИЛДИНОВ, «Орда» шаруа қожалғының жетекшісі:

«Білегі болдырмағанға бақыт та басын иеді» демекші, Шыңғыс  басқаларға басшымын деп бұйыруды білмейді, ондай мінез бойына жат. Керек кезінде ол атқа да мініп, мал да бағады. Шаруа қожалығының жетекшісі етті және сүтті сиырлардың  басын бүгінде 100-ден асырған. Өрісте қыс көтеретін қазақтың  қара ала, ақ бас тұқымды ірі қаралары өріп жүр.

Бағып отырған малының жем-шөбіне фермер биыл 750 мың теңге қайтарымсыз субсидия алған. Шыңғыс қыстан қысылмай шығатынына бек сенімді. Ала жаздай арқаны кеңге салып жатпайтын азамат  300 тонна шөпті де тонналап түсіріп тастапты. Ал, бизнесмен жергілікті ауыл тұрғындарын да тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Сайранбек Төлеухановтың осында сиыр бағып, жұмыс істеп жүргеніне 6 жылдан асыпты.

Сайранбек ТӨЛЕУХАНОВ, бақташы:

Шаруа десе тиіп қашпайтын, қайта шиыршық атып шыға келетін Шыңғыс келешекте 200 басқа арналған бордақы алаңын салуды көздеп отыр. Өйткені қашанда арық сөйлеп, семіз шығатын жігіт жоспарын да жасап қойыпты. Жалпы, Жаңаарқа ауданы бойынша биыл жалпы сомасы 50 миллионнан астам жеңілдетілген пайызбен берілген несиеге шаруалар 151 бас асыл тұқымды мал сатып алыпты. Өлкедегі 319 шаруа қожалық мемлекет тарапынан  316 миллион 500 мың теңге қайтарымсыз субсидияға кенелген.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар