КӘСІПОРЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

20:38, 13 наурыз 2018

Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары еліміздегі ең ірі зауыттың бірі маргарин, май өнімдерін шығаратын кәсіпорынның жұмысынмен танысты

Былтырғы жылы «ЕВРАЗИАН ФУДС» мемлекеттен төменгі пайызбен несие, яғни  субсидия түрінде көмек алған болатын. Халық қалаулылары сол қомақты қаражат қаншалықты мақсатты  жұмсалғанын сұрап білді. Дәл осы жерден «ЕВРАЗИАН ФУДС» компаниясының өнімдері дүкен мен супермаркет сөрелеріне жеткізіледі. Шикізат сапасының жоғарылығы мен тек  жаңа технология қолдану.  Кәсіпорынның басты ұстанымы осы. 

Сергей ВОДЬКО Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты

Өндірістің барлығы дерлік автоматтандырылған, шетелдік, жақсы технологиямен жабдықталған. Менің ойымша, мұндай кәсіпорындарға мемлекеттің көмегінсіз қиын болар еді. Өзге елдің бизнесмендерімен сұхбаттасқан кезде, олар Қазақстанда бизнестің дамуына барлық жағдай жасалғандығын айтады».

Компания Қазақстандағы  маргарин, май өнімдерін шығаратын ең ірі кәсіпорындардың бірі. Мемлекеттен субсидия беріліп былтырғы жылы өндіріс көлемі  айтарлықтай артқан. Мысалы 100 миллион теңге арнайы қондырғы алуға жұмсалған. Олардың қатарында  әлеуеті күшті мына үш  австриялық қазандық бар.

Олег ВИНОКУРОВ «ЕВРАЗИАН ФУДС»  АҚ басқарма төрағасы

Зауытқа мемлекет тарапынан уақытылы түрде көрсетілетін көмек – біз үшін үлкен маңызға ие. Тұрақты түрде капиталдандыруға қаржы инвестициялаймыз. Осылайша, өндірістік қуатты жаңартамыз. Ауқымды кеңейтеміз. Жұмыс шарттарын жақсартамыз. Біздің өндірістік желіміз кең. Оған әртүрлі майлар жатады. 

 Сондай-ақ, компания «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасына  қатысқан.  Өткен жылы шығарылатын өнім көлемі 50 мың тоннадан асыпты.

Айбек ЖҰМАБЕКОВ Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты

 Бүгін біз халық қалаулылары  маргарин зауытына келдік.  Мұнда 600 жұмыс орны бар. Кәсіпорын жылына екі миллиард теңге көлемінде салық төлейді.

Бүгінде компания өнімдері  Қазақстанның барлық аймақтарында сатылымда бар. Соңғы уақытта эскпорт көлемі де 16 пайызға дейін артты. Алдағы уақытта кәсіпорын  мемлекет қолдауы арқылы тағы бір жаңа цех салуды көздеп отыр.

Райхан САЙРАНБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар